Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және қолдануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 шiлдеде № 33051 болып тіркелді

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және қолдануды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 5 шілдедегі
№ 255 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2.Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi – дәндi, дәндi-бұршақты, жармалық, азықтық, майлы, эфирлi-майлы, техникалық, көкөнiс, дәрi-дәрмек, гүл, жемiс, жидек дақылдары, картоп, жүзiм;

      2) тұқымдар – өсiмдiктердiң сортын молықтыру үшiн пайдаланылатын генеративтiк және вегетативтiк органдары: тұқымның өзi, жемiсі, күрделi жемiстер бөлiгi, қосалқы жемiс, масақтар, көшеттер, баданалар, түйнектер, қалемшелер, түзушi ұлпалар және басқалар.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібі

1-параграф. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын дайындау

      3. Тұқымдарды дайындау ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттіліктерін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарымен қамтамасыз ету мақсатында егіс жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сақтандыру және ауыспалы қорларын қалыптастыру үшін жүргізіледі.

      4. Тұқымдарды сақтандыру қорлары ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдық қорлары болып табылады және астық шықпай қалған жағдайда тұқым себудi қамтамасыз ету үшiн оларды ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерi дербес қалыптастырады.

      Бірінші сыныпты тұқымдарды өнгіштігін айтарлықтай төмендетпей сақтандыру қорларына салу кезінде рұқсат етілген мерзімдер дақылға, бастапқы сапаға, сақтау шарттары мен әдістеріне байланысты болады және тұқымдар үшін мыналарды құрайды:

      1) жаздық бидай, жаздық арпа, сұлы, қарақұмық 3,5 жылға дейін;

      2) күздік бидай, күздік қара бидай, күздік арпа 3 жылға дейін;

      3) күріш, тары 2,5 жылға дейін;

      4) күнбағыс 1,5 жылға дейін;

      5) соя 1 жылға дейін.

      Аттестатталған бірегей тұқым өндірушілер тұқымдарды сақтандыру қорларын мынадай мөлшерде құрайды:

      бастапқы буындарды салу үшін – 100 пайыз (бұдан әрі – %);

      суперэлитаны салу үшін – 50% .

      5. Өтпелi тұқым қорлары күздiк ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң қорлары болып табылады және оларды ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер 100 % дейін дербес қалыптастырады.

      Өтпелi тұқым қорларын жаңарту жыл сайын жүргізіледі.

2-параграф. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өңдеу

      6. Тұқым жинаудан кейінгі өңдеу тұқым материалын талап етілетін кондицияларға жеткізу жөніндегі технологиялық операцияларды біртіндеп және үздіксіз орындауды көздейтін тұқым тазалау және кептіру жабдықтарын қолдана отырып, ағынды технологияны пайдалануда қамтамасыз етіледі.

      7. Тұқымдарды өңдеу негізгі технологиялық операцияларды мынадай ретпен біртіндеп орындауды қамтиды:

      1) тұқымдық материалды алдын ала тазалау;

      2) тұқымдарды салқындату және уақытша сақтау, тұқымдарды белсенді желдету;

      3) тұқымдарды кептіру;

      4) тұқымдарды алғашқы тазалау;

      5) триерлердегі тұқымдарды тазалау;

      6) тұқымдарды қайталап тазалау;

      7) пневмосорттық үстелде қиын ажыратылатын қоспалардан тазалау.

      8. Алдын ала тазарту кезінде тұқым материалы екі фракцияға бөлінеді – тазартылған тұқымдар мен қалдықтар. Бұл ретте өңделген тұқымдарда ұзындығы 50 мм сабан бөлшектерінің құрамы 0,2%-дан аспауы тиіс;

      9. Тұқымдарды салқындату және уақытша сақтау, тұқымдарды белсенді желдету тұқымдарды кептіруге дейін сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Тұқымдарды белсенді желдету арқылы кептіру ұзақтығы тұқымдардың ылғылдылығына, ауа температурасы мен ылғалдылығына, үйіндінің биіктігіне байланысты. Белсенді желдетуді бүкіл партия тұқымының орташа ылғалдылығы кондициялық деңгейге жеткенде аяқтайды.

      10. Ылғалдылығы 22%-дан аспайтын тұқымдар немесе алдын ала өңделген және кептірілген ылғалдылығы 18%-дан аспайтын дәндер кептіріледі. Тұқымның ылғалдылығы олар салқындағаннан кейін алынған cынамалар бойынша анықталады.

      11. Ылғалдылығы 18%-дан аспайтын тұқымдар алғашқы тазартудан өтеді. Тазалау кезінде олар келесі фракцияларға бөлінеді: тазартылған тұқымдар, жем қалдықтары, ірі, жеңіл және ұсақ қоспалар. Бастапқы тазалау кезінде материалдың қоспалармен ластану жағдайларын қоспағанда, қоспалардың кемінде 60% бөлінуі тиіс, оларды бөліп алу үшін арнайы машиналар мен триерлер қажет;

      12. Триерлерде тазартылған кезде тұқымдар мынадай фракцияға бөлінеді – өңделген тұқымдар, ұзын және қысқа қоспалар. Бұл жағдайда тұқымнан кем дегенде 80% ұзын және қысқа қоспалар бөлінуі қажет.

      13. Қайталама тазарту кезінде тұқымдар мынадай фракцияларға бөлінеді: тазартылған тұқымдар, дәнді қоспалар, аспирациялық қалдықтар және ірі қоспалар. Қайталама тазартудан кейінгі тұқымдарда қоспалар 1%-дан артық болмауы тиіс, ал басқа өсімдіктер, оның ішінде арамшөптер бөліп алу үшін арнайы машиналарды қажет ететін бастапқы материалдардың қоспалармен ластанған жағдайларды қоспағанда, егу стандартының екінші сыныбының нормасынан аспауы тиіс.

      14. Пневматикалық сұрыптау үстелінде қиын бөленетін қоспалардын тазарту кезінде тұқым материалы мынадай фракцияларға бөлінеді: жеңіл қоспалар, аралық фракция, тазартылған материал, ауыр қоспалар.

      15. Тұқымдарды өңдеу процесінде мынадай көрсеткіштер бақыланады және анықталады:

      1) ылғалдылық;

      2) өнімділік;

      3) тазалық;

      4) мәдени және арамшөпті өсімдіктердің тұқымын ұстау;

      5) жараққаттану.

      Көрсетілген көрсеткіштерді анықтау үшін бастапқы және өңделген тұқым материалынан орташа сынамалар алынады.

      Сынамаларды іріктеу және көрсеткіштерді айқындау "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналымы кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қолданатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының егістік (отырғызу) сапаларын айқындаудың бірыңғай әдістерінің тізбесі туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 40 шешімімен бекітілген бірыңғай әдістерге сәйкес жүргізіледі.

      Тұқым сынамаларын талдау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдарды есепке алу журналына енгізіледі.

      Тұқымды өңдеу нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын кіріске алу актісімен ресімделеді.

      Тұқым сапасына сараптама "Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12102 болып тіркелген) бекітілген Тұқым сапасына сараптаманы жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

3-параграф. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын сақтау

      16. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары басқа дақылдар мен сорттардың бүлінуінен және бітелуінен толық сақталуын қамтамасыз ететін арнайы қоймаларда сақталады.

      Қоймалар құрғақ, таза, дезинфекцияланған, зиянкестермен ластанбаған болуы керек.

      17. Сорттық тұқымдар алдын ала жасалған жоспарға сәйкес қоймаға орналастырылады және мынадай ретпен бөлек сақталады:

      дақылдар бойынша;

      дақылдар шегінде – сорттар бойынша;

      сорт шегінде – репродукциялар бойынша;

      репродукция шегінде – сорттық тазалық санаттары бойынша;

      сорттық тазалық санаты шегінде – тұқым стандартының сыныптары бойынша, ал себу шарттарына сәйкес келмейтін тұқымдар-физикалық қасиеттеріне қарай бөлек.

      18. Тұқымды сақтау кезінде қаптама тұқымдық астықтың сақталуын қамтамасыз етуі және таңбасы немесе заттаңбасы болуы тиіс, онда:

      1) тұқым өндірушінің атауы;

      2) дақыл;

      3) сорт;

      4) репродукция;

      5) сорттың тазалық санаты;

      6) егіс стандартының класы;

      7) егін жинау жылы;

      8) тұқым партиясының нөмірі;

      9) сорттық тазалық;

      10) тұқымды дәрілеген жағдайда - химиялық немесе биологиялық препараттың атауы;

      11) сорттық құжаттың және тұқымдардың егістік сапасын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні көрсетіледі.

      Қаптама (ыдыс) ретінде:

      дәнді, дәнді бұршақты, техникалық, майлы, азықтық ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары үшін – матадан жасалған, полиэтиленді, полипропиленді, қағаздан жасалған пакеттер, қораптар, контейнерлер (соның ішінде жұмсақ контейнерлер);

      тұқымдық картоп үшін – жәшіктер, жәшіктік түпқоймалар, маталы немесе торлы қаптар, қағаздан жасалған пакеттер, түтікшелі ыдыстар;

      көкөністік және бақшалы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдары үшін – маталы, полиэтиленді, полипропиленді және қағаз қаптар, пакеттер, қораптар, жәшіктер;

      жемісті және жидекті ауыл шаруашылығы өсімдіктері үшін - полиэтиленді қабықша, қаптамалы мата, полиэтиленді қабықшадан жасалған қап, перфорацияланған қаптар, пропиленді жәшіктер, ағаштан және ағаш материалдарынан жасалған жәшіктер;

      ауыл шаруашылығында пайдаланылатын басқа да өсімдіктердің тұқымдары үшін – маталы, полиэтиленді, полипропиленді, қағаз қаптар, әр түрлі типтегі контейнерлер, полиэтиленді қабықша, брезент, кенеп, шетпір;

      химиялық немесе биологиялық препараттармен өңделген тұқымдар үшін - химиялық немесе биологиялық препараттарды өткізбейтін берік материалдардан жасалған қаптар қолданылады.

      Тұқым салынған әрбір қапқа немесе контейнерге тұқымдардың егіс сапасын куәландыратын құжаттан басқа, сол деректері бар заттаңба салынады. Дәріленген тұқымдар салынған орамға "Дәріленген" деген жазу жазылады.

      19. Тұқымдар қоймаларда қат-қабат үйіліп немесе бос үйіліп сақталады.

      Тұқымдардың әрбір партиясы жеке жинақталады және қатарлас жапсырмамен белгіленеді, онда мыналар көрсетіледі:

      1) дақыл;

      2) сорт;

      3) репродукция;

      4) сорттық тазалық санаты;

      5) тұқым себу стандартының сыныбы;

      6) егін жинау жылы;

      7) партия нөмірі;

      8) партия массасы;

      9) орындар саны;

      10) сұрыптық құжаттың және тұқымның себу сапасын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні.

      Ылғалдылығы стандарттан аспайтын тұқым салынған қаптар төсемдерде және түпқоймаларда сақталады. Қатарлардың өлшемдері мен олардың арасындағы қашықтық кез келген жерден тұқым сынамаларын алуға және технологиялық операцияларды жүргізуге қолайлы болуы тиіс.

      Ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша тұқым үйіндісінің немесе қатардың ең жоғары биіктігі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген. Картоп тұқымдары белсенді желдетілетін қоймаларда жүктеме биіктігі 2-3 метрге дейінгі қамбаларда сақталады.

      Картоп тұқымын контейнерлерде сақтаған кезде олар 3-4 қатар биіктікке орнатылады. Жоғарғы контейнердің шеті мен еден арасындағы қашықтық 80 см, ал қатар мен қабырға арасындағы қашықтық 60 см. Қатардың ұзындығы бойынша 12 контейнер, ал ені бойынша 6-8 см орнатылады. Орталық жолдың ені– кемінде 2,5 м.

      Арнайы қоймалар болмаған жағдайда, картоп тұқымы бурттар мен орларда сақталады. Бурттардың биіктігі олардың енімен анықталады және оларды 0,8-ден 1,2 м-ге дейін орналастырады.

      20. Залалданбаған және ласталмағандардан бөлек мыналар орналастырылады:

      егістіктерден алынған шаңды қара күйемен залалданған, қара күйемен залалдалған, қара күйе қабыршақтары мен қызыл күйе қауыздарының қоспалары бар тұқымдар;

      егістік бұршақ қоспалары бар бұршақ тұқымдары, сиыржоңышқа тұқымдары қоспалары бар жасымық тұқымдары.

      21. Тұқым сақталатын барлық кезең ішінде қоймаларда:

      cақталатын тұқымдардың жай-күйі - олардың температурасы, ылғалдылығы, иісі, түсі, зиянкестердің ықтимал пайда болуы;

      қойма үй-жайының температурасы мен ылғалдылығы жүйелі түрде қадалағанады.

      Тұқым температурасын және сыртқы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын бақылау үшін термоштангалар немесе электротермометриялық қондырғылар орнатылады. Қажеттілігіне қарай сақталатын тұқымдардың жай-күйінің көрсеткіштерін анықтау үшін сынамалар алынады.

      Белгіленген тұқым сақтау нормаларынан ауытқулар анықталған кезде оларды жою бойынша тиісті шаралар (белсенді желдету, тұқым партияларын ауыстыру, санитарлық өңдеу) қабылданады. Температура, зиянкестермен залалдану, иіс және тұқым түсі көрсеткіштері хронологиялық тәртіппен қатарлар, қоймалар, секциялар бойынша және қабаттар бойынша жеке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау журналына енгізіледі.

4-параграф. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын пайдалану

      22. Себу үшін мынадай тұқымдарды пайдалануға рұқсат етілмейді:

      1) карантиндік объектілерді жұқтырған;

      2) егіс сапасына сараптамадан өтпеген;

      3) гендік инженерия негізінде алынған (генетикалық түрлендірілген);

      4)сұрыптық және егістік қасиеттері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін.

      Тұқымдардың сорттық және егістік сапаларын куәландыратын тиісті құжаттарсыз оларды себу үшін пайдалануға жол берілмейді.

      Тұқым шаруашылығы субъектілері өз өндірісінің тұқымын себу үшін пайдаланған жағдайда олардың сұрыптық және егістік сапасын растайтын құжаттар сынақтан өткізу актісі және тұқымның кондициялылығы туралы куәлік не сынақтан өткізу актісі және тұқымды талдау нәтижесі болып табылады.

      23. Егіс алдында тұқымдарды дәрілеу және ауамен-жылумен өңдеу жүзеге асырылады.

  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің тұқымын
дайындауды, өңдеуді,
сақтауды және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Тұқымды есептеу журналы

Тұқымды себу

тұқым сапасын растайтын құжат

тұқымның алынған жері

дақыл

сорт

репро-дукция

өнім алынған жыл

партия нөмірі

құжаттың нөмірі

құжаттың берілген күні

1

2

3

4

5

6

7

8

















      кестенің жалғасы

Тұқымды себу

партияның салмағы, центнер

себілген тұқымның сапасы

тұқымды дәрілеу

сорттық тазалығы, %

өнгіштігі, %

тазалығы, %

1000 дәннің салмағы, грамм

егу стандартының сыныбы

дәріленген тұқым көлемі, центнер

пестецидтің атауы

9

10

11

12

13

14

15

16

















      кестенің жалғасы

Тұқымды себу

Өнімді жинау

себу мерзімі (басы, аяғы)

себілген тұқымның барлық мөлшері, центнер

себілген алаң көлемі, гектар

себу нормасы киллограмм (егістік бірлік) гектарына

жинау мерзімі (басы, аяғы)

жиналатын алаң көлемі, гектар

жиналған тұқым мөлшері, центнер

Өнімділік центнер /гектар

17

18

19

20

21

22

23

24

















Сақтау

сақтауға берілген-қабылданған күні

сақтауға берілген тұқымның мөлшері, центнер

тұқымды сақтауға бергендігін растайтын құжат

тұқым алынған жер, бригада №

репродукция

сорттық тазалығы

байқау актісінің номері мен күні

25

26

27

28

29

30

31















      кестенің жалғасы

Сақтау

тұқым сапасын растайтын құжат

өндірілген тұқымның мөлшері

кондициялығы туралы куәлік

байқау актісі

аттестат немесе тұқым куәлігі

күздік дақылдар тұқымдарының өнгіштігі, %, өміршеңдігі

тазалығы, %

1000 дәннің салмағы, грамм

құжат нөмірі

құжаттың берілген күні

құжат

құжаттың берілген күні

құжат

құжаттың берілген күні

32

33

34

35

36

37










      кестенің жалғасы

Тұқымды пайдалану

тұқым кімге жіберілді

тұқымның жөнелтілгенін растайтын құжат

бригада нөмірі

сатып алушының атауы

атауы

күні

38

39

40

41









  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің тұқымын
дайындауды, өңдеуді,
сақтауды және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

20__ жылғы " ___" ___________ №____
Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарын кіріске алу актісі

      Комиссия, құрамында ___________________________________________________ басшысы
      (тұқым өндірушінің, облыстың, ауданның атауы,
      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
      (комиссия төрағасы) және комиссия мүшелері
      ________________________________________________________________________________
      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)
      ________________________________________________________________________________
      № ___ бөлімшесі (бригада) №_____ егістіктің ______ га алқабынан өнімділігі _____ ц/га
      болатын ____________________ тонна ________________________________________________
      (дақылдың, сорттың атауы, репродукция)
      тұқым өндірілгені (алғашқы кіріске алынған салмағында) туралы акт жасады.
      Кондициялық тұқымның шығымы ________________________тоннаны құрады.
      Тұқымның сорттық қасиеттері 20 __жылғы "___" _____ № ___ байқау актісімен расталады .
      Тұқым өндірушінің басшысы (комиссия төрағасы) _____________________________________
      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
      Бас есепші _____________________________________________
      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
      Комиссия мүшелері: ______________________________________________
      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің тұқымын
дайындауды, өңдеуді,
сақтауды және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Ауыл шаруашылығы өсімдіктері бойынша тұқымның бос үйіндісінің немесе қат-қабат үйіндісінің биіктігі

Ауыл шаруашылығы өсімдіктері

Жылдың суық уақыты

Жылдың жылы уақыты

Бос үйіндінің биіктігі, метр

Қат қабат үйіндідегі қаптар саны

Бос үйіндінің биіктігі, метр

Қат қабат үйіндідегі қаптар саны

Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, қарақұмық

3,0

8

2,5

8

Асбұршақ, жасымық, ноқат

2,5

8

2,0

6

Күріш, тары

2,0

6

1,5

4

Күнбағыс

1,0

5

1,0

4

Соя, қыша

1,0

5

1,0

4

Дәнді жүгері

-

8

-

6

Ақбеде, жоңышқа, еркекшөп, атқонақ

-

5

-

4

  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің тұқымын
дайындауды, өңдеуді,
сақтауды және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Бақылау журналы

Партия нөмірі

Дақыл

Сорт

Үйілген (бақыланған) күні

Репродукция

Масса, тонна

Ылғалдылығы, %

Бурт температурасы, 0С

Дән исі

Дән түсі

Зиянкестермен залалдануы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады