Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 шiлдеде № 33093 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына міндетті мүшелік жарналардың мынадай шекті мөлшері:

      1) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық кірісі алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын және бір жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік субъектілері үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті күнтізбелік жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы жылдық жиынтық кірісі бір жарым миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын кәсіпкерлік субъектілері үшін – есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына төрт мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады