"Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 шілдеде № 33115 болып тіркелді

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31717 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 18 шілдедегі
№ 145 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2023 жылғы "17" қаңтардағы
№ 30 бұйрығымен
бекітілді

Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру мен мониторингілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер (бұдан әрі – ВҒЗ) жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу тәртібін анықтайды.

      Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу қызметі мақсаттарға тиімді қол жеткізуді, міндеттерді шешуді, сондай-ақ құқық қорғау органдарын үдемелі дамыту мен жаңғыртуды қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары қызметінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.

      Қағидалар құқық қорғау қызметі саласында бірыңғай ғылыми саясат қалыптастыру, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметін ғылыми, ғылыми-әдістемелік, талдаулық және ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметінің өзекті мәселелері бойынша бірлесіп іргелі, қолданбалы және стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі түсініктер қолданылады:

      1) ведомствоаралық ғылыми зерттеулер субъектілері (зерттеу субъектілері) – Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары, ғылыми мекемелері мен құқық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелері;

      2) ғылыми нәтиже – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесімен (бұдан әрі – Академияның ҒӘК) мақұлданған, нормативтік құқықтық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық-талдаулық, оқу, ғылыми және өзге де материалдар кіретін кез келген ақпараттық тасымалдаушыда тіркелген жаңа білімдер немесе құқық қолданудың нақты мәселелері шешімдерінен тұратын ғылыми қызмет өнімі (ғылыми өнім);

      3) қолданбалы зерттеу – құқық қорғау қызметінің практикалық мақсатқа жетуі және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және қолдануға бағытталған қызмет;

      4) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеу жұмысы (бұдан әрі - ВҒЗЖ) – бар білімдерін кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотездер жүргізу, әлеуметтік-құқықтық көріністердің заңдылықтарын анықтау, ғылыми жинақтар, жобаларды, соның ішінде нормативтік құқықтық актілерді ғылыми негіздеу мақсатында құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми іздену, зерттеулер, эксперимент жүргізуге байланысты ведомствоаралық жұмыс тобымен жүргізілетін жұмыс;

      5) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру – құқық қорғау органдары қызметінің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің барлық субъектілерінің өзара әрекеттесуіне бағытталған қызмет;

      6) құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулер мониторингі – ВҒЗЖ сапасын және жоспарланған нәтижеге қол жеткізу үшін жүргізілетін ведомствоаралық ғылыми зерттеулер туралы мәліметтерді жүйелі түрде қадағалау, жинақтау, қорыту, талдау, бағалау, тіркеу;

      7) стратегиялық зерттеу – құқық қорғау қызметінің стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған іргелі не болмаса қолданбалы зерттеулер;

      8) іргелі зерттеу – табиғат, қоғам, адам және олардың өзара байланысы дамуының негізгі заңдылықтары туралы жаңа ғылыми білімдер алуға бағытталған теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеу.

      3. Осы Қағида мемлекеттік құпия белгісі бар ақпараттар бар зерттеулерден басқа, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ведомствоаралық ғылыми зерттеулерінің (бұдан әрі – ВҒЗ) барлық түрлеріне таралады.

      4. ВҒЗ түрлері: қолданбалы, іргелі және стратегиялық.

      5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия) құқық қорғау қызметі саласындағы ВҒЗ үйлестіруші болып табылады.

2-тарау. Ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу

      6. ВҒЗ жүргізу тәртібі зерттеулердің соңғы нәтижесіне жету үшін орындауға жататын деңгейлер мен іс-қимылдар жиынтығын көрсетеді.

      7. ВҒЗ жүргізу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:

      1) дайындау кезеңі;

      2) зерттеу кезеңі;

      3) қорытынды кезең.

      8. Дайындау кезеңіне зерттеу тақырыптарын таңдау, гипотеза құру, жағдайлар мен ресурстық мүмкіндіктерді зерттеу, зерттеу тақырыбын бекіту, ведомствоаралық жұмыс тобын құру кіреді.

      ВҒЗ дайындау кезеңі процесінде орындауға жататын жұмыстардың түрі:

      1) құқық қолдану практикасының проблемаларын және оның құрылымдауын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетел бойынша заңнамасы, құқық қолдану практикасы, ғылыми жұмыстары талданады, түйінді мәселелер және бірқатар құрамы анықталады, зерттеу тақырыптары мен зерттелуге жататын мәселелерді қалыптастырылады;

      2) зерттеу тақырыбын таңдау мақсатында Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалы құжаттары, тапсырмаларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына, Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың консультативтік-кеңесші органдарының материалдары, прокуратура органдарының алқа мәжілісі, мәжіліс хатамаларының шешімдеріне талдау жүргізіледі;

      3) зерттеулердің өзекті тақырыптарын қалыптастыру үшін Академия осы Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған өтінімдер бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ұсыныстарын зерделейді;

      4) зерттеу гипотезін құру үшін зерттеу объектісі, мәні, мақсаты мен міндеттерін анықталады;

      5) жағдайларды, ресурстық мүмкіндіктерді зерттеу үшін (кадрлық, қаржылық, нормативтік құқықтық, материалды-техникалық) келесілер жүзеге асырылады:

      жұмыс орнын, қажетті техника, бағдарламалық қамтамасыз ету, шығын материалдары анықталады;

      зерттеу сметасы құрылады (ғылыми іссапарлар, өзге ұйымдар мен адамдардың, соның ішінде ұлттық және шетелдік сарапшылар, ғылыми консультанттардың қызмет көрсетуі, ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу, материалдар мен құрал-жабдықтар алу, жалға алу және т.б.шығындары);

      күнтізбелік жоспар кіретін зерттеудің жұмыс бағдарламасын әзірленеді (нақты іс-шаралар, жауапты орындаушылар, аяқтау мерзімі мен нысанын көрсетумен);

      6) қажет болған жағдайда ВҒЗ тақырыптарын бекіту үшін Академияның ҒӘК отырысы (онлайн немесе офлайн форматта) ұйымдастырылады және өткізіледі, зерттеу субъектілеріне ҒӘК жұмысының нәтижелері туралы хабардар етіледі.

      9. Зерттеу кезеңіне зерттеуді әдіснамалық дайындау, зерттеу жүргізу және нәтижелерді ресімдеу кезеңдері кіреді.

      10. Ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің әдіснамалық дайындау кезеңіне:

      1) жұмыс орны мен зерттеу ортасын ұйымдастыру сияқты зерттеу жүргізудің бірқатар жағдайларын ұйымдастыру;

      2) тиісті жағдайлар, техника, құрылғылар, құралдар, нұсқама дайындау;

      3) эмпириялық және экспериментті базалардың ерекшеліктерін бағалау;

      4) сауалнама бланкілерін, бағдарламалар мен қадағалау материалдарын (ерікті нысандағы) дайындау кіреді.

      11. Ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу кезеңі:

      1) зерттеу материалдарын жинақтау мен жүйелендіру, түсініктемелі аппаратты өңдеу, зерттеудің теориялық бөлігінде логикалық құрылымын құруды;

      2) статистикалық мәліметтерді талдауды, құқықтық актілерді, қылмысқа қарсы іс-қимыл практикасы және құқық бұзушылықтың профилактикасы, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер, заңнаманың қолданылуын прокурорлық тексеру, шетелдік тәжірибе материалдары, бұрын жүргізілген социологиялық зерттеулер нәтижелерін қорытуды;

      3) ғылыми ұйымдарына немесе еліміз бен шетелдің әртүрлі өңірлеріндегі құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне іссапарларды жүзеге асыруды;

      4) сауалнама, социологиялық сауалнама жүргізу және алынған мәліметтерді қорытуды;

      5) тәжірибелі-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді (қажеттігі бойынша);

      6) ғылыми-зерттеу тобы (авторлық ұжым), ведомствоаралық жұмыс топтары, Академияның ҒӘК отырыстарын ұйымдастыру және өткізуді;

      7) ақпараттық-талдау, әдістемелік және ғылыми материалдар, нормативтік құқықтық базаны және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды;

      8) ВҒЗЖ туралы аралық есеп құруды қажеттілік туындағанда (ұлттық және шетелдік бойынша ағымдағы жағдайды, проблемаларды талдау, практика, нормативтік және ұйымдастырушылық сипаттағы ұсыныстар, зерттеуді жалғастыру, не болмаса жартылай немесе толық тоқтату, не болмаса жаңа бағыттарды анықтау туралы қорытындылар) қарастырады.

      12. Нәтижелерді ресімдеу кезеңіне зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және зерттеу нәтижелерін енгізу, қорыту және сынақтан өткізу нәтижелерімен салыстыру кіреді.

      13. Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу:

      1) конференциялар, дөңгелек үстелдер мен ғылыми іс-шаралар өткізу;

      2) ғылыми кеңес беру, пікір білдіру және ғылыми мақалаларды жариялау, соның ішінде халықаралық басылымдарда жариялау;

      3) норма шығармашылықта, оқу процесінде және практикалық қызметте, сондай-ақ нәтижелерді енгізу процесін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуде қолдану жолымен жүзеге асырылады.

      14. Нәтижелерді қорыту және сынақтан өткізу нәтижелерімен салыстыру кезінде ВҒЗЖ туралы қорытынды есеп (ерікті нысандағы) құрастырылып, ғылыми, әдістемелік немесе оқу басылымдары әзірленеді.

      15. Академияның ҒӘК отырысында ВҒЗ нәтижелері қаралып, мақұлданғаннан кейін нәтижелер енгізу үшін:

      1) мемлекеттік сонымен қатар құқық қорғау органдар, ұйымдардың практикалық қызметіне;

      2) оқу процесіне;

      3) норма шығармашылық қызметіне жолданады.

      16. Ғылыми нәтижелерді енгізудің негізгі нысандары:

      1) мемлекеттік сонымен қатар құқық қорғау органдар мен ұйымдардың практикасында қолдану;

      2) оқу процесінде қолдану;

      3) әдістемелік ұсынымдар, оқу құралдары, монграфиялар және тақырыптық жадынама дайындау;

      4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері жобаларын дайындауда қолдану;

      5) бағдарламалық құжаттарды дайындау және іске асыру кезінде қолдану;

      6) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ведомстволық актілерін дайындауда және қабылдауда қолдану.

      17. Ғылыми өнім ВҒЗ нәтижесі ретінде келесі тәсілде таралуға жатады:

      1) құқық қорғау органдары мен зерттеу субъектілерінің ведомстволық кезеңдік басылымдарында, сайттарында жариялау;

      2) құқық қорғау органдарымен айқындалатын тәртіпте республикалық, ведомстволық немесе өңірлік деңгейдегі ғылыми-техникалық ақпараттардың ақпараттық қорларына, Академияның ведомствоаралық ғылыми-ақпараттық жүйесіне орналастыру, және оны нақты пайланушылар үшін тираждау;

      3) ғылыми зерттеулер нәтижелерін ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, мәжілістер, шығу отырыстары, монография мен оқу құралдарын оқу конференцияларында сынақтан өткізу.

      18. ВҒЗ нәтижелерін зерттеу жүргізген субъектілер енгізеді.

      19. ВҒЗ нәтижелерін оқу процесіне, практикалық және норма шығармашылық қызметіне енгізу хатпен ресімделеді.

      20. Академияның ҒӘК отырысында зерттеу жүргізудің қорытынды кезеңі зерттеу нәтижелерінің бағасына жинақталады.

      ВҒЗ нәтижелері Академияның ҒӘК отырысында қаралады, талқылау қорытындысы бойынша зерттеу жоспарының орындалуы не болмаса орандалмауы туралы шешім қабылданады.

      21. ВҒЗ әр кезеңі бойынша жоспарлы іс-шаралардың орындалу мерзімі зерттеудің жұмыс бағдарламасында белгіленеді, ол Академия ректорымен бекітіледі.

      ВҒЗ мерзімдері бір жылдан кем және үш жылдан аса мерзімге белгіленеді. Зерттеу мерзімдерін ведомствоаралық жұмыс тобы жетекшісінің дәлелді баянаты негізінде Академия басшылығы ұзарта алады.

3-тарау. Ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді мониторингілеу тәртібі

      22. Академия жүргізілген ведомствоаралық ғылыми зерттеулер бойынша мониторингілеуді жүзеге асырады.

      23. Мониторингілеу барысында тиісті құқық қорғау саласындағы ғылыми нәтижелер жетістігінің көрсеткіші ретінде ВҒЗ тиімділігін бағалау жүзеге асырылады.

      24. Жүргізілген ВҒЗ тиімділігін анықтау осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес ВҒЗ индикаторлар кестесімен өлшенетін көрсеткіштер бойынша рейтингілік жүйе ұпайларының қосындысы негізінде жүзеге асырылады.

      25. ВҒЗ мониторингін Академия оларды аяқтағаннан кейін жүргізеді.

      26. ВҒЗ мониторингінің нәтижелері бойынша Академия ВҒЗ индикаторлары жөніндегі мәліметтер, зерттеуді одан әрі жүргізу мақсаттылығы туралы, не болмаса ғылыми жобаның аяқталуы туралы ақпараттар, өзге де мәліметтер, соның ішінде ғылыми зерттеулерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды көрсете отырып, анықтама жазады.

      27. Мониторингілеу нәтижелері Академияның ҒӘК отырысында қаралады, онда жүргізілетін зерттеулердің, авторлық ұжымдардың не жекелеген орындаушылардың жұмыстарының тиімділігі бағаланады.

      Академияның ҒӘК отырысының нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданады:

      1) зерттеуді жалғастыру туралы;

      2) зерттеу жүргізу бойынша жұмыстарды тоқтату туралы;

      3) зерттеудің жекелеген бағыттарын тоқтату туралы;

      4) зерттеудің жаңа бағыттарын немесе ғылыми зерттеулердің жаңа тақырыптарын енгізу қажеттігі туралы;

      5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы;

      6) ғылыми зерттеулер тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы;

      7) зерттеулердің алынған нәтижелері бойынша түсіндірмелі және ақпараттық іс-шаралар өткізу туралы;

      8) ғылыми зерттеу нәтижелерін практикалық, норма шығармашылық қызметіне және оқу процесіне енгізу туралы;

      9) ғылыми қызметті және құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған өзге де шешімдер.

      28. ВҒЗ мониторингінің нәтижелері Академияның ҒӘК отырысында бекітілгеннен кейін 5 (бес) күн ішінде Академияның ресми сайтына орналастырылады.

      _________________________________________________

  Құқық қорғау қызметі
саласында ведомствоаралық
ғылыми зерттеулер жүргізу,
оларды үйлестіру мен
мониторингілеу қағидаларына
1-қосымша

Ведомствоаралық ғылыми зерттеу индикаторларының кестесі

Индикатор көрсеткіші
(соның ішінде жүргізілген зерттеу аясында дайындалған және қолданылып отырған материалдар)
Ұпай Ескерту
Авторлық ұжым құрамы (бірлік үшін)

1.

Мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдарының қызметкерлері

5


2.

Авторлық ұжымның дәрежеленген қатысушылары

5


3.

Авторлық ұжымның шетелдік қатысушылары

5


Ғылыми еңбектер мен бейнероликтер шығару (бірлік үшін):

4.

Криминологиялық форум, дөңгелек үстел және конференция жинағы

10


5.

Әлеуметтік желілердегі бейнелер (Twitter, Instagram, Facebook және т.б.)

10


6.

Қызмет алгоритмдері, схемалар альбомдары, анықтамалықтар, әдістемелік ұсынымдар, оқу құралы,

20


7.

Монография, оқулық, ғылыми-практикалық түсініктеме

40


Ғылыми мақала (бірлік үшін):

8.

Қазақстандық басылымдарда

5


9.

ТМД елдерінің басылымдарында

5


10.

Шетелдік басылымдарда

5


11.

Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған басылымдарда

10


12.

РҒДИ базасына кіретін халықаралық басылымдарда

15


13.

Web of Science Core Collection, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index, Scopus базасына кіретін халықаралық басылымдарда

40


Ғылыми іс-шаралар (бірлік үшін)

14.

Жүргізілетін зерттеулер бойынша конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға және басқа да ғылыми іс-шараларға қатысу

5


15.

Ғылыми зерттеулер бойынша конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға баянатпен қатысу

10


16.

Конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар және басқаларды ұйымдастыру және өткізу

15


17.

Шетел сарапшыларының қатысуымен конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар ұйымдастыру және өткізу

20


Практикалық ақпараттарды қолдану:

18.

Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер, құқық қорғау органдарының, өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, шаруашылық қызмет субъектілерінің практикалық қызметінің өзге де материалдарын талдау нәтижелері

10


19.

Сұхбаттасу, ғылыми эксперимент, модельдеу, әлеуметтанушылық зерттеулердің өзге де нысандарын жүргізу және нәтижелерін қорыту

10


Ведомствоаралық ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу (бірлік үшін)

20.

Оқу процесіне

10


21.

Құқық қорғау органдарының практикалық қызметіне

20


22.

Норма шығармашылыққа

40


Ұпайлардың қорытынды жиынтығы

Төмен ұпай:
Орташа ұпай:
Жоғары ұпай:

50-150
151-249
250-ден көп

  Құқық қорғау қызметі
саласында ведомствоаралық
ғылыми зерттеулер жүргізу,
оларды үйлестіру мен
мониторингілеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге ӨТІНІМ

      1. Тапсырыс беруші – құқық қорғау органы: ______________________.

      2. Тақырып атауы:____________________________________________.

      3. Шығатын (күтілетін) нәтижелердің түрі: _______________________.

      4. Жүргізу мерзімі: ___________________________________________.

      5. Жүргізу негіздемесі ________________________________________.

      6. Зерттеу нәтижелерінің практикалық мақсаты:___________________

      (қандай бөліністер, қызметкерлер санаты үшін)

      _________________________________________________________________.

      7. Күтілетін нәтижелер:

      1) алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылуы және

      / немесе мүмкіндігі ________________________________________________;

      2) басқа тікелей және жанама нәтижелер _________________________;

      3) ғылыми еңбек (ғылыми-практикалық түсініктеме, әдістемелік ұсыныс,

      оқу құралдары және т.б.)____________________________________________.

      8. Тапсырыс беруші өкілінің байланыс ақпараты: __________________

      __________________________________________________________________

      (Т.Ә.А. (бар болса), қызметтік телефоны)

      9. Авторлық ұжым мүшелігіне кандидатуралар:

      (Т.Ә.А. (бар болса), лауазымы, қызметтік телефоны)

      (Т.Ә.А. (бар болса), лауазымы, қызметтік телефоны)

      Басшы _________________________

      (тапсырыс беруші ұйымдар)

      Т. А. Ә. (бар болса)

      "__" _________ 20__ж.

      өтінімнің сыртқы жағы

Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге ТАПСЫРМА

      1. Мақсаты мен міндеттері (қажетті нақты ғылыми өнім, зерттеу мәселелері).

      2. Орындауға қойылатын талаптар (мәселелерді шешудің ықтимал бағыттары, материалды баяндау құрылымы, жүргізудің басқа да ерекшеліктері).

      3. Дайындалатын құжаттамаға қойылатын талаптар (ұсынылатын құрылым мен жұмыс мазмұны, беттердің шамамен саны, жұмыс құжаттамасын келісу қажеттілігі).

      4. Ерекше талаптар мен шарттар (жұмысқа тиісті шектеу белгісін беру қажеттілігі).

      5. Нәтижелерді ұсыну мерзімдері (аралық бақылауды жүргізу және қорытынды нәтижелерді ұсыну мерзімдері).

      6. Нәтижелерді (нысандар, әдістері, орны, болжамды мерзімдері) жоспарлы енгізу (іске асыру).

      Лауазымның атауы*

      ____________________

      Т. А. Ә. (бар болса) (қолы)

      "__" _________ 20__ ж.

      ____________________________

      *Тапсырманы айқындаған тапсырыс беруші өкілінің лауазымы көрсетіледі, ол туралы байланыс ақпараты осы өтінімнің 8-тармағында орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады