Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетіктерін айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 20 шiлдедегi № 530 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 шiлдеде № 33129 болып тіркелді

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 3 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрық қосымшасына сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетіктері айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
Д. Щеглова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Индустрия және
  инфрақұрылымдық даму
  министрі міндетін атқарушының
  2023 жылғы 20 шілдедегі
  № 530 Бұйрығына
  қосымша

Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетігі 1-тарау. Қаржыландыру шарттары

      1. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары болып табылады:

      1) Мыналар Қазақстан Даму Банкінің, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын басқа да ұлттық даму институттарының (бұдан әрі – қаржыландырушы ұйым) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды (бұдан әрі – жоба) қаржыландыруға қатысуының жоба сметасы сомасының 85 %-ынан (сексен бес пайызынан) аспайтын мөлшері;

      2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің (бұдан әрі – субъект) және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың жоба сметасы шеңберінде қаржыландыру үлесі ақшалай қаражатпен жүзеге асырылады;

      3) жобаны іске асыру бойынша тәуекел толық көлемде жабылған, оның ішінде қамтамасыз етілген;

      4) қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жиырма жылдан аспайтын мерзімге беріледі;

      5) жобалық шешімдердің технологиялық және техникалық негізділігі.

      2. Қоса қаржыландыру кезінде жобаны қажетті қаржы ресурстарымен (ақшамен) ішінара қамтамасыз етуді жүзеге асыратын қаржыландырушы ұйымнан басқа тараптың болуы қосымша шарт болып табылады.

      3. Лизингтік қаржыландыру субъектілерге бір жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге беріледі. Лизингтік қаржыландыру ұлттық валютада жүзеге асырылады.

      4. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыру, оның ішінде өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау, 4.0 Индустрияны және цифрлық технологияларды енгізу) және кеңейтуге бағытталған басым тауарлар тізбесіне сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды құру үшін жүзеге асырылады.

2-тарау. Қаржыландыру тетігі

      5. Жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру кезінде мынадай тетіктер пайдаланылады:

      1) субъектілерге ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредит беру (қарыздар);

      2) жобаны дайындауды және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында жобаны қаржыландыру (аралық қаржыландыру);

      3) қарызды субъектінің акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне айырбастау құқығымен беру (мезониндік қаржыландыру);

      4) мүлікті жасау және беру, сондай-ақ жасалған мүлікті пайдалану процесінде қызметтер көрсету және (немесе) тауар өндіру және (немесе) жұмыс орындау үшін күтілетін жүйелі ақшалай төлемді қамтамасыз ету болып табылатын талап ету құқықтарын беру арқылы жобаны қаржыландыру (жобалық қаржыландыру).

      6. Субъектілерді лизингтік қаржыландыру тетігі жобаларды қажетті қаржы ресурсымен (ақшамен) қамтамасыз ету болып табылады, мұнда лизинг беруші сатушыдан меншігіне сатып алған және лизинг шартында келісілген лизинг нысанасын белгілі бір ақыға және белгілі бір талаптармен кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде бір жыл мерзімге уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.

      7. Лизингтік қаржыландыру таза лизинг беру арқылы жүзеге асырылады.

      8. Субъект еркін нысанда өтініш беру арқылы қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, жобаларды лизингтік қаржыландыру үшін қаржыландырушы ұйымға жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке тұлға үшін – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі; заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің1 немесе анықтаманың көшірмесі;

      2) заңды тұлғаларға арналған құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      3) жобаның бизнес-жоспары;

      4) өтінім берудің алдындағы соңғы есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша заңды тұлғаның бухгалтерлік теңгерімі;

      5) есебі салық органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер;

      6) құқық белгілейтін, оның ішінде кепіл болып отырған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтың бар немесе жоқ екені туралы құжаттардың көшірмелері;

      7) жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған жобаның сипаттамасы және оны іске асырудың болжамды экономикалық және қаржылық тиімділігі;

      _________________________________________

      1"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      8) субъектінің және (немесе) өзге үшінші тұлғалардың жобаны ақшалай қаражатпен қаржыландыруға қатысуын растайтын құжаттар.

      9. Жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды субъект ұсынған құжаттарды қарау және талдау нәтижесі бойынша қаржыландырушы ұйым жүзеге асырады.

      10. Қаржыландырушы ұйым өтініш келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде осы жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, субъектілерді лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетігінің (бұдан әрі – шарттар мен тетік) 8-тармағына сәйкес ұсынылған субъектінің құжаттарын қарайды.

      11. Тиісті құжаттарды қарау нәтижесі бойынша қаржыландырушы ұйым үш жұмыс күні ішінде жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      12. Жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда қаржыландырушы ұйым үш жұмыс күні ішінде субъектіге тиісті дәлелді жазбаша хабарлама жібереді.

      13. Жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландырудан, лизингтік қаржыландырудан бас тарту туралы шешім мынадай негіздер бойынша қабылданады:

      1) субъектінің осы шарттар мен тетіктің 1 және 2-тармақтарына сәйкес айқындалған шарттарға сәйкес келмеуі;

      2) субъектінің осы шарттар мен тетіктің 8-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды ұсынбауы.

      14. Жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру туралы шешім қабылданған жағдайда қаржыландырушы ұйым бес жұмыс күні ішінде субъектімен шарт жасасады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады