"Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 шiлдеде № 33137 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 24.10.2023 № 544 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 24.10.2023 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17588 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 84) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары бекітілсін.";

      осы бұйрықпен бекітілген Формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 84) тармақшасына сәйкес әзірленді және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібі";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бейресми білім беруді "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 2-тармағына сәйкес оқыту орны, мерзімі және нысаны ескерілмей көрсетілетін және оқу нәтижелерін растайтын құжаттарды бере отырып, білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "4. Бейресми білім беру арқылы алынған оқу нәтижелері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) тарапынан танылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "10. Бейресми білім беру арқылы алған оқу нәтижелерін тану үшін өтініш білдірген тұлға (бұдан әрі – Үміткер) Комиссия қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

      бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелері туралы еркін нысандағы өтініш;

      жеке куәліктің көшірмесі;

      оқу нәтижелерін растайтын құжат.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Е. Оспан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады