"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 539 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 19 шiлдедегi № 776 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 шiлдеде № 33142 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдерін мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 539 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20804 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізiлсiн:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  Қаржы министрінің
  міндетін атқарушы
  2023 жылғы 19 шілдедегі
  № 776 Бұйрыққа
  қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Қаржы министрінің
  2020 жылғы 29 мамырдағы
  № 539 бұйрығына
  2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтер

Жеке тұлға бойынша мәлімет

Жарнаны, аударымды, төлемді жүзеге асырған тұлға


жеке сәйкестендіру нөмірі

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

1

2

3

4

5






      Кестенің жалғасы

Төлем белгілеу коды

Жарна, аударым, төлем және (немесе) олар бойынша өсімпұл төленген күні

Кезеңі

Жарна, аударым, төлем және (немесе) олар бойынша өсімпұл сомасы теңгемен

6

7

8

9









      Ескертпе: *жеке тұлғалар туралы ұсынылатын мәліметтерге мынадай деректер жатады:

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары және (немесе) олар бойынша өсімпұл бойынша;

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) олар бойынша өсімпұл бойынша, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi бойынша;

      мемлекет Бірыңғай жинақтаушы зейнеақы қорында міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын сақтау бойынша зейнетақы төлемдерін алушыларына зейнетақы төлемдеріне құқықты алған сәтіне инфляцияның деңгейін ескере отырып іс жүзінде енгізілген міндетті және (немесе) кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде алушыға кепілдік берген төленген сомалар бойынша;

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әлеуметтік аударымдары және (немесе) олар бойынша өсімпұл бойынша, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдер бойынша;

      мынадай әлеуметтік төлемдер (жәрдемақылар) бойынша:

      мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;

      Ескертпе: Нысанды ұсынған кезде зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік төлемдер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары мен аударымдары туралы мәліметтер бөлек ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алу немесе ауыруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған адамдарды, мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге арналған біржолғы төлем;

      бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

      бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген әлеуметтік көмек;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге әлеуметтік төлемдер;

      құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балалар) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

      банкроттық нәтижесінде жойылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлем.

  Нысанға қосымша
  "Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің шешімі бойынша
  құрылған, Қазақстан
  Республикасының заңнамасына
  сәйкес зейнетақы жарналарын,
  әлеуметтік аударымдар мен
  әлеуметтік төлемдерді, міндетті
  әлеуметтік медициналық
  сақтандыруға жарналар мен
  аударымдарды есепке алуды
  қамтамасыз ететін заңды
  тұлғаның жеке тұлғалар туралы
  беретін қолда бар мәліметтер"
  нысанына қосымша

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы беретін қолда бар мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы беретін қолда бар мәліметтер" нысаны мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – реті бойынша нөмірі көрсетіледі;

      2-бағанда – оның пайдасына зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударым, әлеуметтік төлем жүзеге асырылған жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      3-бағанда – оның пайдасына зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударым, әлеуметтік төлем, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар жүзеге асырылған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

      4-бағанда – жарналарды, аударымдарды, төлемдерді жүзеге асырған тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      5-бағанда – жарналарды, аударымдарды, төлемдерді жүзеге асырған заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

      6-бағанда – "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген) сәйкес төлем мақсатының тиісті коды көрсетіледі;

      7-бағанда – жарналар, аударымдар, төлемдер және (немесе) олар бойынша өсімпұл төленген күні көрсетіледі;

      8-бағанда – жарналар, аударымдар, төлемдер және (немесе) олар бойынша өсімпұл жүргізілген кезең (ай, тоқсан, жыл) көрсетіледі;

      9-бағанда – жарналар, аударымдар, төлемдер және (немесе) олар бойынша өсімпұл сомасы көрсетіледі, теңгемен.

      Ескертпе: Нысанды ұсынған кезде зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік төлемдер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары мен аударымдары туралы мәліметтер бөлек ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады