"Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 20 шiлдедегi № 527 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 шiлдеде № 33150 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11200 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жызылсын:

      "2) пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережеде:

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 34-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган қолданыстағы келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізгенге дейін келісімшарттық талаптарда айтылған жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу мерзімдерін бұзған жағдайда, сараптамаға ұсынылған есептерді кері қайтарады;";

      22 және 23-тармақтар алынып тасталсын;

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жер қойнауын пайдаланушы сараптамаға:

      есепті қағаз және элетрондық тасығышта бір данада;

      есепке авторлық анықтамаларды – бір данада жібереді.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Жер қойнауын пайдаланушы тәуелсіз сарапшылардың қорытындыларын алғаннан және комиссияның жауапты мүшелері есепті зерделегеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы өкілдерінің, есепті орындаушылардың, тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен ҚӨК жұмыс отырысы өткізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
Д. Щеглова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады