"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 31 шілдедегі № 58 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 тамызда № 33248 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17374 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуетті жеткізуші - тапсырыс берушімен сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциумы), кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға тапсырыс беруші осындай жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді сатып алған (жалға алған) жағдайда әлеуетті жеткізуші болып табылады;

      2) әлеуетті жеткізушінің үлестес тұлғасы - әлеуеттi жеткізушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал ететін кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты әлеуеттi жеткізушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

      3) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетiн қызметтер - бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастыруына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

      4) біріздендіру - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді рұқсат етілетін элементтер мен шешімдер тізбесін қысқарту, оларды біртектілікке келтіру арқылы артық әртүрлілікті жоюға бағытталған сатып алу;

      5) бюджет - тапсырыс берушінің бюджеті (шығыстар сметасы), бизнес-жоспары (жылдық бюджеті), даму жоспары;

      6) жеткізуші - заңды тұлға, заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциумы), тапсырыс берушiмен жасалған сатып алу туралы шартта оның қарсы агентi ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға. Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға, тапсырыс беруші осындай жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі баспананы сатып алған (жалға алған) жағдайда жеткізуші болып табылады;

      7) жұмыс - заттық нәтижесі бар қызмет, сондай-ақ жұмыстарға жатқызылған өзге де қызмет;

      8) көрсетілетін қызмет - тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесi жоқ қызмет;

      9) қаржы жылы - ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт кезеңі;

      10) құрылыстағы кешенді жұмыстар - жобалау және іздестіру жұмыстарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілерін "толықтай дайын" салуды және көрсетілген жұмыстарға ілеспе тауарларды жеткізуді және (немесе) қызметтер көрсетуді қамтитын жұмыстар жиынтығы;

      11) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі - "Мемлекеттік сатып алу туралы" (бұдан әрі - Мемлекеттік сатып алу туралы заң), "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалыптастырылатын әлеуетті жеткізушілер мен жеткізушілердің тізбесі;

      12) сараптама комиссиясы (сарапшы) - әлеуетті жеткізушілер ұсыныстарының тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты техникалық ерекше нұсқамасына сәйкес келуі не сәйкес келмеуі туралы сараптамалық қорытындыны дайындау үшін тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) құратын (айқындайтын) алқалы орган (маман);

      13) сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсатында тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) Қағидаларға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;

      14) сатып алуды ұйымдастырушы - тапсырыс берушінің бөлімшесі немесе филиалы немесе ведомствосы, тапсырыс берушінің шешімімен сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімі үшін жауапты заңды тұлға;

      15) сатып алу порталы - электрондық сатып алуға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйе;

      16) тапсырыс беруші - бөлімшелері, филиалдары, өкілдіктері, ведомстволары арқылы Ұлттық Банк, сондай-ақ Ұлттық Банктің құрылымына кіретін ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

      17) стандарттау - нақты және әлеуетті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей, көп мәрте және ерікті пайдалану ережелерін белгілеу арқылы тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      18) сатып алу - тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушінің бюджеті қаражатының есебінен Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алу;

      19) тендерлік комиссия - тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

      20) ұзақ мерзімді шарт - 12 (он екі) айдан аса мерзімге жасалатын сатып алу туралы шарт;

      21) Ұлттық Банктің ұйымдары - Ұлттық Банктің құрылымына кіретін ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Ұлттық Банкке тиесілі немесе оның сенімгерлікпен басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

      22) тауар - нәрсе (зат), оның iшiнде жартылай фабрикат немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объективтендірілген нәтижелерi, сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;

      23) ішкі кооперация - тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) Ұлттық Банктен немесе Ұлттық Банктің ұйымынан не олардың үлестес тұлғаларынан олардың ережесінде немесе жарғысында көзделген, сондай-ақ тапсырыс берушінің қызметін тоқтаусыз және үздіксіз жүзеге асыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталған қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      24) электрондық сатып алу - "Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы" акционерлік қоғамы оператор болып табылатын сатып алу порталын пайдалана отырып тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

      25) сатып алу туралы шарт - 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі) және Қағидаларға сәйкес тапсырыс беруші мен жеткізуші арасында тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық мәміле.";

      мынадай мазмұндағы 111-1-тармақпен толықтырылсын:

      "111-1. Әлеуетті жеткізушінің құрылыстағы кешенді жұмыстарға арналған тендерлік баға ұсынысы, егер сатып алу жоспарында не бюджетте көзделген сомадан 10 (он) пайыздан астам төмен болса, демпингтік болып танылады.";

      1-қосымшаның 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілерін (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ғимараттары, үй-жайлары, кассалық орталықтар, сақтау орындары, өндірістік объектілер), оның ішінде ерекше маңызды мемлекеттік және террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызылған объектілерді сатып алу, құру (салу), жөндеу (қайта салу), олардың үздіксіз және үзіліссіз жұмыс істеуін және жарақтандырылуын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ құрылыстағы кешенді жұмыстарды, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжирингтік қызметтерді сатып алу үшін.

      Осы тармақшада көзделген жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні айқындау кезінде осы Қағидалардың демпингтік бағаны айқындау тәртібін реттейтін нормалары қолданылады;".

      2. Қаржы департаменті (Ж.Ж. Стамбекова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.Е. Абишева) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады