"Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 847 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 тамызда № 33284 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:

      1 "Ағымдағы шығындар" деген санатында:

      01 "Тауарлар мен қызметтерге шығындар" деген сыныбында:

      150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" деген кіші сыныбында:

      159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" деген ерекшелігі бойынша:

      7 "Ескерту" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: банк қызметтеріне ақы төлеу кезінде; соманы айырбастау және кейіннен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әкімшісі болып табылатын "Ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің шоттарына, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарға аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әкімшісі болып табылатын "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету", "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету", бюджеттік бағдарламаларының "Мектепке дейінгі білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету", "Орта білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі әкімшісі болып табылатын "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі әкімшісі болып табылатын "Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысу", "Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету", "Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу" бюджеттік бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) әкімшілері болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі әкімшілері болып табылатын "Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әкімшісі болып табылатын "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасының "Денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау" кіші бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында жасалған келісімдер бойынша соманы аудару кезінде, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық әкімшісі болып табылатын "Қазақстандағы ұлттық құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін күшейту" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы арасында жасалған Бірлесіп қаржыландыру туралы келісім бойынша соманы аудару кезінде, әкімшісі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі болып табылатын "Тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін жағдайлар жасау және Ұлытау таулы алқабының табиғи және тарихи-мәдени объектілерін сақтауға жәрдем көрсету" бюджеттік бағдарламасы "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арасында жасалған қаржыландыру туралы келісім бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімшісі болып табылатын "Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды дамытуға жәрдемдесу" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасында жасалған Қаржыландыру туралы келісім бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімшісі болып табылатын "Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әкімшісі болып табылатын "Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау" бюджеттік бағдарламасының "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламалары бойынша соманы аудару кезінде, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі арасында "Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік басқаруды жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқару жүйесін дамыту" бағдарламасы бойынша "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" және "Грант есебінен" кіші бағдарламаларды қаржыландыру туралы жасалған жобалар бойынша сомаларды аудару кезінде Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі әкімшісі болып табылатын "Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасының "Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету" кіші бағдарламасы бойынша "Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" ММ мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Сауда және даму конференциясының (ЮНКТАД) атқарушы агенттігі арасында жасалған консалтингтік қызметтерді сатып алуға арналған келісімшарт бойынша сомаларды аудару кезінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі әкімшісі болып табылатын "Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету", "Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру", "Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру", "Шетелдік іссапарлар", "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу", "Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу" бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына соманы аудару кезінде, "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкі, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталықтың шығыстарына ақы төлеу кезінде, әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі болып табылатын "Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасының салық мақсаттарында ақпарат алмасуды жүзеге асыруға ақпараттық платформаны пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу кезінде, халықаралық төрелік органдар мен шетелдік соттардың шешімдері бойынша шығарылған төрелік шығыстар мен сот шығыстарына ақы төлеу кезінде тіркеу талап етілмейді. Үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын аударуды жүзеге асыратын банкке қызмет көрсеткені үшін комиссия ақысын төлеу кезінде, бюджеттік инвестициялық және институционалдық жобаларды сыртқы қарыздардың қаражаты есебінен іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың "Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен" кіші бағдарламалары бойынша жергілікті дара консультант-жеке тұлғалардың қызметтеріне ақы (оның ішінде жеке табыс салығын) төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Алыс және таяу шетелде қызметтік іссапарда болған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері әскери-көлік авиациясының әуе кемелеріне, құқық қорғау органдарына қызмет көрсету жөніндегі әуежай қызметтеріне корпоративтік төлем карточкасын пайдалана отырып, ақы төлеумен байланысты мемлекеттік мекемелердің шығыстарына ақы төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар арқылы іске асырылатын шығармашылық және спорттық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шығыстарын төлеу кезінде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу талап етілмейді. Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізу растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады