"Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 318 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 тамызда № 33363 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген фитосанитариялық нормативтерде:

      мынадай мазмұндағы 151-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

151-1

Шабындық көбелегі

жұлдызқұрттар

ауыл шаруашылығы дақылдары

өскіндер, жас өсімдіктер

1 шаршы метрге 5-10 жұлдызқұрт

вегетациялық кезеңі

1 шаршы метрге 20 жұлдызқұрт

  ";

      153-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Фитосанитариялық есепке алу субъектілері фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және Комитеттің аудандық аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аудандық инспекция) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша пестицидтерді, биоагенттерді өндіру, өткізу, қолдану, қозғалысы, сақтау, залалсыздандыру орны бойынша фитосанитариялық есептілікті ұсынады.

      6. Әкімшілік деректерді жинауға арналған фитосанитариялық есепке алу нысандарын фитосанитариялық есепке алу субъектілері аудандық инспекцияларға есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:

      1) пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 10 шілдесіне дейін және 10 қаңтарына дейін;

      2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 10 шілдесіне дейін және 10 қаңтарына дейін;

      3) пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 10 қаңтарына дейін;

      4) химиялық өңдеулер жүргізуі туралы есеп ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін;

      5) тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 10 қаңтарына дейін.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын аудандық инспекцияның мемлекеттік инспекторы облыстық инспекцияларға есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:

      1) пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;

      2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін және 15 қаңтарына дейін;

      3) пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 15 қаңтарына дейін;

      4) химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 15-күніне дейін;

      5) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 15 қаңтарына дейін.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын облыстық инспекцияның мемлекеттік инспекторы Комитетке есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:

      1) пестицидтерді, биоагенттерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін;

      2) пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп, жылына екі рет, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 20 шілдесіне дейін және 20 қаңтарына дейін;

      3) пестицидтерді, биоагенттерді сақтау туралы есеп, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 20 қаңтарына дейін;

      4) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, есепті айдан кейінгі әр айдың 20-күніне дейін;

      5) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі тиісті жылдың 20 қаңтарына дейін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады