БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17541 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережеде:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже";
1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады.";
4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның міндеті тиісті жергілікті атқарушы органға өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің алушылары арасында бөлу бойынша ұсынымдар беру болып табылады.
5. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Заңның 27-1-бабының 5-тармағында көрсетілген тұлғалар ұсынған сұйытылған мұнай газын беруге арналған өтінімдерді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында сұйытылған мұнай газын болжамды тұтынуды ескере отырып, олардың негізділігі тұрғысынан бөлу жобасын қарайды;
2) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігіне өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жобасын мақұлдайды не оны өзгерту қажеттігі туралы тиісті жергілікті атқарушы органға хабарлайды.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырады.";
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Комиссия мүшелері:
1) өтініш берушілер ұсынған өтінімдермен танысады;
2) жоспарланған кезеңге арналған бөлу жобасымен танысады;
3) өтiнiмдерге және бөлу жобасына қатысты ұсыныстар енгiзедi;
4) Комиссия отырысында шешілуі тиіс мәселелерді қарайды;
5) Комиссия қызметiнің мәні болып табылатын мәселелер бойынша дауыс беруге қатысады.";
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Комиссия шешіміне мүдделі тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 9-бабына сәйкес шағым жасай алады.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |