Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiржолғы төлем мөлшерiн белгiлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 415/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 қыркүйекте № 33454 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 326-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiржолғы төлем мөлшерiн белгiлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
К. Тулеушин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қоғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 415/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiржолғы төлем мөлшерiн белгiлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiржолғы төлем мөлшерiн белгiлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 326-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және радиожиiлiк спектрiн пайдалана отырып, байланыс саласындағы қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны үшiн төленетiн бiржолғы төлем мөлшерiн белгiлеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеңімпаз – лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушы;

      2) қатысушы – сауда-саттыққа қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға;

      3) кепілдік жарна – бұл аукцион шеңберінде міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында енгізілетін лоттың бастапқы бағасына тең ақша сомасы;

      4) конкурс (аукцион) (бұдан әрі – сауда-саттық) – қатысушылар тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып электрондық форматта өткізілетін өздерінің ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда-саттық нысаны, оның қорытындылары бойынша ұйымдастырушы жеңімпазға жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беруге (радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалану құқығын беруге) міндеттенеді;

      5) конкурстық комиссия – ұйымдастырушы сауда-саттықты өткізу үшін құратын алқалы орган;

      6) радиожиілік спектр (бұдан әрі – РЖС) – 3 килогерцтен (бұдан әрі – кГц) 400 гигагерцке (бұдан әрі – ГГц) дейінгі диапазондағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;

      7) РЖС лоты (бұдан әрі – объект) – РЖС жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – РЖВАК) ұсынымы бойынша әрбір лоттың жиілік белдеуі енінің белгілі бір диапазонын, жиілік номиналдарын, пайдалану аумағын, байланыс технологиясын/түрін, елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді көрсете отырып, уәкілетті орган бекітетін жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) және (немесе) бастапқы бағасы конкурс (аукцион) жеңімпазына пайдалану құқығы берілетін аумақтар;

      8) түпкілікті баға – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың ең жоғары бағасы;

      9) тізілімнің веб-порталы – мемлекеттік мүлік тізілімін (бұдан әрі – тізілім) сату объектілері туралы электрондық дерекқорға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын, интернет желісінде мына мекенжай бойынша орналастырылған интернет-ресурс: www.gosreestr.kz;

      10) ұйымдастырушы (уәкілетті орган) – байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Радиожиілік спектрін пайдалана отырып, байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлемақы мөлшерін айқындау тәртібі

      3. Радиожиілік спектрін пайдалана отырып, байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін біржолғы төлем Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген) бекітілген Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларының 5-тарауына сәйкес уәкілетті орган өткізетін сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады.

      4. Сауда-саттық екі кезеңмен жүргізіледі.

      Сауда-саттықтың бірінші кезеңінде өтінімдерді конкурстық комиссия мүшелері сауда-саттықтың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушыларды анықтау мақсатында тізілім веб-порталында қарайды.

      Сауда-саттықтың екінші кезеңінде бағаның арттырылуына байланысты аукцион өткізіледі.

      5. Сауда-саттықтағы лоттың бастапқы бағасын ұйымдастырушы РЖС пайдаланғаны үшін төлемақының кемінде бес еселенген жылдық мөлшерлемесін белгілейді.

      6. Соңғы баға (біржолғы төлем) қатысушы ұсынған РЖС үшін ең жоғары баға негізінде айқындалады.

      7. Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілім веб-порталында қалыптастырылады және ұйымдастырушы мен жеңімпаздың ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні қол қояды.

      8. Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамада көрсетілген деректемелер бойынша лот үшін түпкілікті бағаны (төленген кепілдік жарнаны шегергенде) республикалық бюджет кірісіне аударуға міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады