Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 қыркүйекте № 33456 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
Ж. Нурмаганбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 348 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) cәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы (бұдан әрі – схема) – Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету үшін газ саласын дамытудың экономикалық негізделген стратегиялық бағыттарын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және өзге де объектілерде тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын отын ретінде пайдалану жолымен газ саласын дамыту үшін жүзеге асырылуға жататын негізгі іс-шараларды айқындайтын және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін орналастыру схемасын, салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жоспарланатын газбен жабықтау жүйелері объектілерінің тізбесі мен техникалық сипаттамасын, қажетті қаржы ресурстарын және олардың көздерін, тауарлық және сұйытылған мұнай газының перспективалы ресрустарын, сондай-ақ қазіргі бар және салу жоспарланатын газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бойынша газ беру схемасын қамтитын құжат;

      2) өңірлік газдандыру схемасы – схеманың құрамдас бөлігі болып табылатын және газ ресурстары мен газ тасымалдау жүйесінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, өңірдің газдандыру деңгейін ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды қамтитын құжат;

      3) рейтингтік бағалау – әлеуметтік-экономикалық және табиғи-шаруашылық сипаттамалардың жиынтығын талдау негізінде Қазақстан Республикасының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін газдандырудың тартымдылығын айқындауға мүмкіндік беретін есеп-қисаптар;

      4) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.

2-тарау. Схеманы дайындау тәртібі

      3. Схема мынадай екі кезеңде әзірленеді:

      1) облыстар, республикалық маңызы қалалар, астана әкімдіктерінің өңірлік газдандыру схемасын қалыптастыруы;

      2) схеманы уәкілетті органның қалыптастыруы және бекітуі.

      Өңірлік газдандыру схемаларын облыстар, республикалық маңызы қалалар, астананың әкімдіктері 6 (алты) ай ішінде қалыптастырады.

      4. Өңірлік газдандыру схемаларын қалыптастырғаннан кейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері осы Қағидаларға сәйкес дайындалған өңірлік газдандыру схемаларын уәкілетті органның жанынан құрылатын Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына ұсынуды қамтамасыз етеді.

      5. Комиссияны уәкілетті органның басшысы басқарады. Комиссияның құрамына коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдардың, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның, мемлекеттік жоспарлау, экономикалық даму, бюджет саясатын әзірлеу мен қалыптастыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері кіреді. Газ және газбен жабдықтау саласындағы саясаттың жүргізілуіне жауапты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      6. Схема мыналардың:

      1) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізу мен тұтынудың болжамды теңгерімі негізінде Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

      2) тауарлық газды, оның ішінде қайта газдандыру процесінде алынған сұйытылған табиғи газды тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың пайдалану басымдылығын ескере отырып әзірленеді.

      7. Өңірлік газдандыру схемалары осы Қағидаларға қосымшада келтірілген Өңірлерді газдандыру тартымдылығын рейтингтік бағалау есеп-қисабына сәйкес өңірлерді газдандырудың тартымдылығын рейтингтік бағалау нәтижелері негізінде әзірленеді.

      8. Өңірлік газдандыру схемаларында мыналар көрсетіледі:

      1) газ тұтынатын пайдаланылатын объектілер, іске қосу мерзімін көрсете отырып, пайдалануға беру жоспарланып отырған объектілер;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілерде газ тұтыну көздері;

      3) оны пайдалану басымдықтарының экономикалық негіздемелерімен газдандыру кезінде пайдалану жоспарланып отырған газдың түрі (тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай);

      4) газдандыру жоспарланып отырған елді мекендер;

      5) тиісті негіздемелерді көрсете отырып, 2030 жылға дейін газдандыру экономикалық жағынан орынсыз объектілер.

      9. Рейтингтік бағалау шеңберінде есеп-қисап жүргізу үшін рейтингтік бағалау негізінде жеке алынған Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігін (ауданын) газдандырудың орындылығы мен тартымдылығын бағалауға мүмкіндік беретін жаңартылатын және толықтырылатын ақпараттық жүйе құрылады.

      10. Өңірлік газдандыру схемасын әзірлеу кезінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      1) өңірлерді газдандыру тартымдылығына әсер ететін Қазақстан Республикасы өңірлерінің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық және табиғи-шаруашылық көрсеткіштерін жинау мен талдауды жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасының тауарлық және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қолда бар ресурстық базаға талдау жүргізу;

      3) оптимистік, пессимистік және нақты сценарийлер бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газының теңгерімі негізгі көрсеткіштерінің болжамды мәндерін айқындау;

      4) баламалы энергия көздері нарығына салыстырмалы талдау жүргізу;

      5) жұмыс істеп тұрған және салуға жоспарланған магистральдық газ құбырларын орналастыру схемасын әзірлеу;

      6) Қазақстан Республикасының әрбір талданатын өңірін газдандыру үшін қажетті инвестициялар көлеміне бағалау жүргізу;

      7) Қазақстан Республикасының өңірлері ішінде тартымдылықтың рейтингтік бағалауын жүргізу.

      11. Қазақстан Республикасының өңірлік газдандыру схемалары мыналарға:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарын қоспағанда, Комиссия мүшелеріне және Комиссияның жұмыс органына;

      2) Комиссия мүшелері – өңірлік газдандыру схемасы қарауға ұсынылған тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікпен шекаралас облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдеріне ұсынылады.

      Өңірлік газдандыру схемаларын алған Комиссия мүшелері мен Комиссияның жұмыс органы олардың тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қаралуын және схеманы алған күнінен бастап бір ай мерзімде құзырет мәселелері бойынша қорытынды дайындауды қамтамасыз етеді.

      12. Комиссияның отырыстарында өңірлік газдандыру схемалары және мемлекеттік органдар мен жұмыс органының қорытындылары қаралады және өңірлік газдандыру схемаларын пысықтау жөнінде және (немесе) оларды Схеманың құрамына енгізу жөнінде ұсынымдар әзірленеді.

      Өңірлік газдандыру схемалары мақұлдағаннан кейін уәкілетті орган Схеманы қалыптастырып, Комиссияның қарауына ұсынады.

      13. Схемаға мыналар кіреді:

      1) газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін орналастыру схемасы;

      2) салуға, жаңғыртуға және (немесе) реконструкциялауға жоспарланған газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің тізбесі мен техникалық сипаттамасы;

      3) қажетті қаржы ресурстары мен олардың көздері, тауарлық және сұйытылған мұнай газының перспективалы ресурстары;

      4) жұмыс істеп тұрған және салуға жоспарланған газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері бойынша газ беру схемасы.

      14. Схеманың шеңберінде уәкілетті орган газдандыру үшін неғұрлым тартымды өңірлердің тізбесін анықтайды, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      1) газдандыру жобасының атауы;

      2) жауапты мемлекеттік орган;

      3) жобаны іске асыру жоспарланатын өңір;

      4) жобаға өтініш беруші;

      5) жобаны іске асырудың экономикалық тартымдылығының алдын ала көрсеткіштері;

      6) жоба қабылданған жағдайдағы болжамды әлеуметтік-экономикалық салдар;

      7) жобаны іске асыруға байланысты болжамды қаржылық шығындар және қаржыландыру көздері;

      8) жобаны іске асырудың болжамды мерзімдері.

3-тарау. Схеманы бекіту тәртібі

      15. Схеманы мақұлдау туралы шешім Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.

      Комиссия схеманы мақұлдағаннан кейін уәкілетті орган белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығын қабылдауды қамтамасыз етеді.

      16. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, өңірлерді дамыту бағыттары өзгерген кезде немесе схеманы түзетудің өзге де қажеттілігі туындаған кезде Комиссия мүшелері схемаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мәселесін қарау үшін оның отырысын шақыруға бастама жасайды.

      Осындай отырысқа бастама жасаған Комиссия мүшелері Комиссияның отырысына дейін екі аптадан кешіктірмей Комиссия мүшелеріне және жұмыс органына осы бөлімнің ережелерін ескере отырып жасалған схеманы түзетуге қажетті негіздемелерді ұсынады.

  Қазақстан Республикасын
газдандырудың бас схемасын
дайындау қағидаларына
қосымша

Өңірлерді газдандырудың тартымдылығын рейтингтік бағалаудың есеп-қисабы

      1. Көрсеткіштерді нормалау мына формуламен айқындалады:



      мұнда

      i – белгілі бір облыстың барлық аудандарын i= (1…n) таңдауда ауданның реттік нөмірін сипаттайды, мұнда n – салыстырылатын аудандардың саны;

      j – көрсеткіштің реттік нөмірі, j= (1…m), мұнда m – рейтинг қалыптастыру үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің саны;

      үздік – n аудандардан таңдау үшін j-ші көрсеткіштің ең жақсы мәні;

      нашар – n аудандардан таңдау үшін j-ші көрсеткіштің ең жаман мәні;

      kij– i-ші аудандағы j-ші көрсеткіштің сандық мәні.

      Бастапқы деректердің негізінде салыстыру үшін пайдаланылатын нормаланған көрсеткіштердің жиыны алынады.

      Әрбір көрсеткіштің мәндерін бүкіл таңдау ішіндегі ең жақсы ықтимал мәнмен салыстыру осы көрсеткіштің осы аудан үшін мәнінің оңтайлы мәннен қаншалықты айырмашылығы бар екенін көрсетуге мүмкіндік береді.

      Нәтижесінде зерттелетін көрсеткіштер нүктелерінің координаталарының әрбір көрсеткіш үшін эталондық мәні нүктесінің координаталарына дейінгі нормаланған арақашықтықтарының матрицасы қалыптастырылады.

      2. Евклид арақашықтығын есептеу

      Рейтингті қалыптастыру үшін әрбір аудан шартты ауданмен салыстырылуы тиіс (ол аудандар бойынша таңдауға факт бойынша қатыса алады), онда әрбір оны сипаттайтын көрсеткіштің мәні эталондық болып табылады.

      Барлық бағаланатын аудандар көпшамалы кеңістікте болады, онда, біріншіден, координаталар рөлінде әрбір аудан үшін көрсеткіштердің нормаланған мәндері қолданылады, ал екіншіден, таңдау үшін эталондық (шартты) ауданның мынадай координаталары болады: (0, 0, 0,..., 0) және ол рейтингті қалыптастыру үшін санау нүктесі болып табылады.

      Евклид арақашықтығын есептеу кезінде негізгі міндет әрбір ауданның көпшамалы кеңістікте эталондық ауданнан қаншалықты қашық екендігін анықтаудан тұрады.

      Осы есеп-қисап шеңберінде Евклид арақашықтығын есептеу мынадай түрде болады және мына формуламен жүзеге асырылады:



      мұнда

      pi– i-ші аудан үшін Евклид арақашықтығы;

      wj – j-көрсеткіштің үлес салмағы (мысалы, газ құбырынан елді мекенге дейінгі арақашықтық, халық саны және т.б.). Ол жалпы бағалау үшін белгілі бір көрсеткіштің мәніне қарай субъективті түрде белгіленеді.

      Бұл ретте



      kij – бұл i-аудан үшін j-ші көрсеткіштің нормаланған мәні, оны есептеу әдісі жоғарыда көрсетілген.

      0 – оған қатысты газдандыру үшін тартымдылықты бағалау жүргізілетін шартты эталондық (үздік) ауданды көрнекі түрде көрсетуге арналған формулада бар. m-шамалы кеңістіктегі шартты ең жақсы аудан координаталардың басы болып табылады, яғни оның координаталары бар (0,0,…,0).

      Алынған Евклид арақашықтығы аудандардың әрқайсысы барлық қаралатын көрсеткіштердің жиынтығында шартты эталондық ауданнан қаншалықты қашық екенін көрсетеді. Евклид арақашықтығы қаншалықты аз болса, бағаланатын аудан шартты эталондыққа соғұрлым жақын болады.

      3. Рейтингті қалыптастыру

      Жасалған операциялар нәтижесінде көрсеткіштердің бүкіл жиынтығы бойынша әрбір зерттелетін өңір үшін жалпы Евклид арақашықтығы алынады. Өңірдегі осы арақашықтықтың ең аз мәні шартты эталондық көрсеткішке оның анағұрлым жақындығын білдіретін болады. Одан әрі рейтингтегі орындар Евклид арақашықтығы мәнінің артуына қарай берілетін болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады