"Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 979 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қыркүйекте № 33468 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіби ұйымдарды сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:

      6 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық–коммуникациялық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9. Процестің сипаттамасын, нысанын, мерзімін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде) баяндалған.

      Сұрау салу және мәліметтер нысандары осы Қағидалардың 2 және 3 қосымшаларына сәйкес ұсынылады.

      Кәсіби ұйымдар аккредитация алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынады.";

      11 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:

      куәлік беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8 – тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді – бір жұмыс күн ішінде;

      3) орындаушы құжаттың мазмұнын қарастырады – бір жұмыс күні ішінде;

      4) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс жұмыс күні ішінде;

      куәлікті қайта рәсімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;

      2) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті қайта рәсімдеу туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және қайта рәсімдеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс күн ішінде.";

      13 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "13. Процестің сипаттамасын, нысаны мен мерзімдерін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, осы Қағидалардың 4 қосымшасында "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде) баяндалған.

      Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу үшін сұрау салу, мәліметтер нысаны және материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес ұсынылады.

      Сертификаттау жөніндегі ұйымдар аккредиттеуден өту үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      15 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

      куәлікті беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8-тармағында көрсетілген ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің тиісті басшылықтың басшысы қабылдайды және кейіннен орындаушыға бір жұмыс күні іші бөлу үшін қызметті берушінің басшылығына береді;

      2) орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және олар толық болған жағдайда, ұсынылған құжаттар пакетінен қазақ және орыс тілдерінде емтихан модулін және "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Әдеп" пәндері бойынша емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламасы бойынша материалдарына қорытынды беру үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне – бір жұмыс күні ішінде жібереді;

      3) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің емтихан модулін және "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Әдеп" пәндері бойынша емтихан нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламасы бойынша материалдарды қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ көрсетілген қызметті берушінің "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)" – жеті жұмыс күні ішінде қарауы және қорытынды беруі;

      4) орындаушының қорытынды жобасын, куәлік беру туралы бұйрық жобасын дайындауы және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, Заң қызметі басқармасының басшысымен келісуі, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бекітуі, бұйрықты тіркеуі немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындауы және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруі – бір жұмыс күні ішінде;

      куәлікті қайта ресімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8-тармағында көрсетліген, ұсынған құжаттарды қызметті берушінің тиісті басшылықтың басшысы қабылдайды және кейіннен орындаушыға – бір жұмыс күні ішінде бөліп беруі үшін қызмет берушінің басшылығына береді;

      2) орындаушының қорытынды жобасын, куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрық жобасын дайындауы және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, заң қызметі басқармасының басшысымен келісуі, сондай–ақ оларды көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бекітуі, бұйрықты тіркеуі немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындауы және қайта ресімдеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауапты – екі жұмыс күні ішінде беруі.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.";

      Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 979 бұйрығына
1-қосымша
  Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

"Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі– көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Сұрау салуды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Куәлік беру–5 (бес) жұмыс күні;
куәлікті қайта ресімдеу –3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған;
Порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжттар мен мәліметтердің

1) кәсіптік ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) мәліметтер нысаны;
3) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуын растайтын құжаттың (бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім) электрондық (сканерленген) көшірмесін ұсынады.
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде үшін, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса, порталда басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды толтыру қажет.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер болып табылады:
1) аккредиттеу, қайта ресімдеу туралы куәлікті және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін сертификаттау жөніндегі ұйымдар ұсынған құжаттардың анық установстігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарға қатысты қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған www.gov.kz.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 979 бұйрығына
2-қосымша
  Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
4-қосымша

"Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Сұрау салуды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Куәлік беру – 10 (он) жұмыс күні;
куәлікті қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, куәліктің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған;
Порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) сертификаттау жөніндегі ұйым басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) мәліметтер нысаны;
3) "қаржылық есеп және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржылық менеджмент", "салықтар", "құқық (Азаматтық құқық, Банк ісі, сақтандыру және сақтандыру) пәндері бойынша емтихан модульдерін және емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары бойынша электрондық құжат нысанындағы материалдар; сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу үшін материалдардың мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі "Этика" деген жаңа редакцияда жазылсын;
4) кәсіби бухгалтерді сертификаттау бойынша емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереже:
тест сұрақтары мен ситуациялық тапсырмаларды қамтитын емтихан модульдерінің құрылымы;
сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың ұзақтығы кемінде үш сағат;
кәсіби бухгалтерге кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат) емтихан жұмыстарын тексеру мерзімдері емтихан тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды;
сертификаттарды беру мерзімі сертификаттаудың соңғы пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен аспайды;
кандидаттың "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік" пәні бойынша оң нәтиже алуы, ол нәтиже бекітілген күннен бастап келесі үш жыл ішінде ғана жарамды деп танылатын болады, "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржылық менеджмент", "салықтар", "құқық (Азаматтық құқық, Банк ісі, Банк ісі, "Басқару есебі", "Қаржы және қаржылық менеджмент", "салық", "құқық" пәндері бойынша сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)", "Этика" – нәтиже бекітілген күннен бастап келесі бес жыл ішінде;
кандидаттардың құқықтары, міндеттері мен;
5) көрсетілген Комиссия төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз байқаушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі және оның құрамы көрсетілген емтихан комиссиясы туралы бекітілген ереже электрондық құжат нысанында бекітілсін;
6) апелляциялық комиссия (Кеңес) туралы бекітілген Ережені, оның құрамын, шағым беру мерзімін және қарау мерзімдерін, шағымның нысанын және комиссияның (кеңестің) электрондық құжат нысанындағы шешімін белгілей отырып, емтихан нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, қабылдайды.
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде үшін, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделген болса, порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу толтырылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер болып табылады:
1) аккредиттеу, қайта ресімдеу туралы куәлікті және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін сертификаттау жөніндегі ұйымдар ұсынған құжаттардың анық установстігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарға қатысты қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған www.gov.kz.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады