"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 12 қазандағы № 331 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 16 қазанда № 33549 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14487 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жасылсын:

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 128, 131-баптары негізінде және тәртібінде ұсталған, қылмыстың жасалуына сезікті, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 147-бабы негізінде сот қамауға алуға санкция берген, қылмыстың жасалуына айыпты ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды (бұдан әрі – ұсталғандар және күзетпен қамауға алынған адамдар) айдауылмен алып жүру тәртібін айқындайды.

      2. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру бойынша міндеттерді орындау үшін, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар және Шымкент қаласы бойынша департаменттерінде (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органы) басшының (оны алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен топтар, ал Астана және Алматы қалалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органдарында штаттық айдауылмен алып жүру бөлімшелері құрылады.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) арнайы көлік құралдарында не қызметтік жеңіл көлік құралдарында соттардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының ғимараттарындағы ұстауға арналған камераларға, уақытша ұстау изоляторінің (бұдан әрі – УҰИ), тергеу изоляторының (бұдан әрі – ТИ) режимдік аймағына, тергеу әрекеттерін жүргізу орындарына, емдеу мекемелеріне дейін;";

      19-тармақтың екінші бөлігінде:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) арнайы көлік құралының пайдалануға үнемі дайындығын ұдайы қамтамасыз етеді, "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) қатаң сақтайды;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өзімен бірге Жол жүрісі қағидаларына сәйкес құжаттары болуға тиіс.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды қабылдау жүргізілетін үй-жайларда айдауылмен алып жүру үшін, оларды тапсырушы және қабылдаушы тұлғалар ғана болады.

      Ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың жеке басына күмән болатын жағдайларда, айдауыл жетекшісі тиісті түсіндірмелер алу үшін УҰИ, ТИ кезекшісіне өтініш жасайды және одан әрі алынған түсіндірмелерге сәйкес әрекет етеді.

      Айдауылмен жүруге тиіс, науқасы туралы мәлімдеген ұсталушыны және күзетпен қамауға алынған адамды дәрігер (фельдшер) қарайды, "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен бекетілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28669 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтамаға жазба жасайды.

      Туберкулез ауруымен ауыратын және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің барлық жағдайында айдауылшылар мен айдауылмен жүрушілердің беттеріне тағатын дәке таңғыштар немесе медициналық маскалар беріледі.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Айдауылшылар ұсталғандардың және күзетпен қамауға алынған адамдардың өздерімен бірге "Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шiлдедегi № 548 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33197 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесінде көрсетілген әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың болмауын қамтамасыз етеді.";

      64-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "сот мекемесінен немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үй-жайларынан қашқан жағдайда – айдауылшы дереу қашушылардың ізіне түседі, айдауыл жетекшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық органының басшысын (оны алмастыратын тұлғаны) хабардар етеді, егер қашушылар сот мекемесінің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ғимаратынан шықпаса, айдауылдардың күшімен ғимарат ішінде қашушыларды мұқият іздеу ұйымдастырылады.";

      69-тармақтың үшінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "УҰБ ғимараттың бірінші қабатында (шатырасты, жертөле қабаттарында орналасуына үзілді-кесілді жол берілмейді) ауданы кемінде 6 шаршы метр жеке бөлмеде орналастырылады, төбеге дейін қалқандармен қоршалады, есігі соққыға төзімді шыны материалдан, еденге бекітілген орындықпен, желдеткішпен, есіктері құлыптармен, қауіпсіздік жүйелерімен (терезелерінде металл торлары, кезекші бөлімнің мониторына шығарылған бейнебақылау, нарядты шақыратын дабыл тетігі), айдауылдың жұмыс орнымен жабдықталған болуға тиіс.

      Тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған бөлмелер ғимараттың бірінші қабатында (шатырасты, жертөле қабаттарында орналасуына үзілді-кесілді жол берілмейді) орналастырылады, УҰБ-ға ұқсас қауіпсіздік жүйелерімен, сондай-ақ тергеушінің, қорғаушының (қоғамдық өкілдің) жұмыс орнымен, сезікті, айыпталушы үшін жеке орындармен (төбеге дейін соққыға төзімді шыны қалқандармен қоршалған, еденге бекітілген орындықпен, желдеткішпен, есіктері құлыптармен жабдықталған), тергеу әрекетінің екі қатысушысының, айдауылдың жеке орындарымен, нарядты шақыратын дабыл тетігімен жабдықталған болуға тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұйымдастыру-бақылау департаменті (Штаб) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
А. Жұмағали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады