БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында:
бүкіл мәтін бойынша, "халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның", "Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органмен", "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда" деген сөздер тиісінше "Еңбек мобильділігі орталығына", "Еңбек мобильділігі орталығы", "Еңбек мобильділігі орталығының", "Еңбек мобильділігі орталығымен", "Еңбек мобильділігі орталығында" деген сөздермен ауыстырылсын;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, жұмыс беруші мансап орталығына enbek.kz порталы арқылы бос жұмыс орындарының бар екені туралы ақпаратты еңбек жағдайлары және ақы төлеуді көрсетіп, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.";
67-тармақ алып тасталсын;
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Еңбек мобильділігі орталығында тіркелген жұмыссыз мансап орталығы әңгімелесуді өткізу уақыты мен орны туралы хабарлаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыс берушіге жүгінуге тиіс."
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде |
";
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Қызмет берушінің атауы | Еңбек мобильділігі орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
";
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымшада "халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның" деген сөздер "Еңбек мобильділігі орталығының" деген сөздермен ауыстырылсын;
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде |
";
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушілерге, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар ету;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
2023 жылғы 24 қазандағы № 457 бұйрығына 1-қосымша |
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 5-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына
сәйкес _______________________________________________________________
көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы
Сізге __________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
себебін көрсету
себебі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.
Мансап орталығының маманы _____________________________________
_______________________________________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2023 жылғы 24 қазандағы № 457 бұйрығына 2-қосымша |
|
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
Жұмыссыз ретінде тіркеу/не тіркелмегені туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 98-бабына сәйкес
жұмыссыз ретінде тіркелгені/тіркелмегені туралы осы анықтама
___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___ жылғы "___" ____________ бастап __________________________________
_____________________________________________________________________
Еңбек мобильділігі орталығының атауы берілді.
Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.
Анықтаманың қолданылу мерзімі: 20__ жылғы "__" _____ қоса алғанға дейін жарамды.
Мансап орталығының маманы ____________________________
_____________________________________________________________________.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)