Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 173 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 1142 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 қарашада № 33597 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
Қаржы министрі
_________Е. Жамаубаев
Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрі__________А. Куантыров
     

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы министрі
2023 жылғы 1 қарашадағы
№ 1142 мен
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрі
2023 жылғы 31 қазандағы
№ 173 Бұйрықпен бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары

      1. Осы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес әзірленді және топішілік қаржыландыру жөніндегі мәмілелерді және мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында (бұдан әрі – Тұжырымдама) белгіленген шектеулер шеңберінде квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу тәртібін айқындайды.

      2. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган құратын Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жанындағы Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымдары ескеріле отырып, Қазақстан Респубикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 164 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33444 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларына сәйкес квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау арқылы жүзеге асырылады.

      Квазимемлекеттік сектордың жоспарланатын кезеңге арналған сыртқы қарыздарының көлемі туралы ұсыныстарды бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Комиссияның ұсынымдарын алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жібереді.

      3. Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 34-1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

      4. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының жоспарланатын қаржы жылына арналған шекті көлемін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 35-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      5. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін түзету бюджет параметрлері өзгерген кезде немесе квазимемлекеттік сектордың түзетілген қарыз алу жоспарлары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      6. Квазимемлекеттік сектор субъектілері сыртқы қарыз алу шеңберінде өз міндеттемелерін орындауды дербес қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады