Петицияға қосылу қағидаларын және петицияға қосылу туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 489-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 желтоқсанда № 33733 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 90-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Петицияға қосылу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Интернет-ресурста петицияға қосылу туралы жазбаша арыз нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

  Қазақстан Республикасының
  Мәдениет және ақпарат
министрі
2023 жылғы 6 желтоқсандағы
  № 489-НҚ бұйрыққа
  1-қосымша

Петицияға қосылу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Петицияға қосылу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 90-2-бабының бірінші бөлігіне және 90-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және петицияға қосылу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынандай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арыз иесі – Кодексте белгіленген тәртіппен петицияға қосылатын Қазақстан Республикасының азаматы;

      2) петиция – мемлекеттік органға, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органға электрондық құжат нысанында жіберілген және Кодексте белгіленген тәртіппен қаралатын ұжымдық хабар, үн қосу немесе ұсыныс;

      3) уәкілетті орган – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган.

      3. Петицияға қосылу электрондық нысанда немесе жазбаша түрде жүзеге асырылады.

      4. Петицияға қосылу арыз иесі Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес берілетін дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін берген жағдайда жүзеге асырылады.

2-тарау. Петицияға электрондық нысанда қосылу тәртібі

      5. Петицияға қосылу "Электрондық өтініштер" ақпараттық-талдау жүйесінде электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      6. Петицияға қосылу үшін арыз иесі "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесіне кіруі, петицияны таңдауы және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюды жүзеге асыруы қажет.

      7. Арыз иесі петицияға қосылған кезде "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесінде оның аты және тегінің бірінші әріпі көрсетіледі.

3-тарау. Петицияға жазбаша түрде қосылу тәртібі

      8. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі шекараларында Интернет желісі болмаған кезде арыз иесі уәкілетті органға жазбаша түрде петицияға қосылу туралы арыз жібереді.

      9. Петицияға қосылу туралы жазбаша арыз осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – нысан) мынадай құжаттарды:

      1) жеке куәлікті;

      2) арыз иесі өкілінің тиісті өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмесін (егер петиция оның өкілімен берілсе);

      3) петицияға қатысты растайтын құжаттарды және (немесе) өзге де материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып жазылады.

      10. Арыз белгіленген нысанға сәйкес келген кезде уәкілетті орган арызды келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде (арыз иесінің атын және тегінің бірінші әріпін көрсете отырып) "электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесінде арызда көрсетілген петицияға қосады.

      11. Ұсынылған арыз белгіленген нысанға сәйкес келмеген не онда ақпарат толық көрсетілмеген кезде уәкілетті орган уәжді ескертулермен арызды қайтарады және бұл жөнінде арыз иесін келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық нысанда және (немесе) жазбаша түрде хабардар етеді.

  Қазақстан Республикасының
  Мәдениет және ақпарат министрі
  2023 жылғы 6 желтоқсандағы
  № 489-НҚ бұйрыққа
  2-қосымша
  Нысан
  Кімге __________________,
(мемлекет пен азаматтық
қоғамның өзара іс-қимылы
саласындағы уәкілетті органның
атауы)
  Кімнен __________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған кезде)
ЖСН:____________________
(нөмірді көрсету)
  Нақты тұратын жерінің
мекенжайы:________________
(нақты тұратын жерінің
мекенжайын көрсету)
Тіркеу орнының мекенжайы:
_____________
(тіркеу орнының мекенжайын
көрсету)
  Байланыс
  телефоны:______________
(телефон нөмірін көрсету)

Интернет-ресурста петицияға қосылу туралы арыз

      Мен, Қазақстан Республикасының азаматы _______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) интернет-ресурста орналастырылған

      "_________________қырыбындағы (петицияның мазмұны) петицияға қосыламын.

      Петицияға мынадай құжаттар:

      1) жеке куәліктің көшірмесі;

      2) өкілдің тиісті өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (егер петицияны арыз иесінің өкілі берсе);

      3) петицияға қатысты растайтын құжаттар және (немесе) өзге де материалдар (қажет болған кезде) қоса беріледі.

      Осы арызбен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзім ұсынатын (толтырған) ақпараттың анықтығына жауапты болатынымды растаймын.

      Дербес деректерді өңдеуге келісемін:

      ___________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады