Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 335қбп қаулысымен бекітілген Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелерді ұйымдастыру, олардың жұмыс істеу және таратылу қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2-қызметінің 1-департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс Басқармасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология жəне табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда жəне интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Конституциялық соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық қауіпсіздік | |
комитеті Төрағасының | |
2023 жылғы 7 желтоқсандағы | |
№ 92/қе бұйрығымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы туралы үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы үлгiлік ереже (бұдан әрi – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 335қбп қаулысымен бекітілген Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшелерді ұйымдастыру, олардың жұмыс істеу және таратылу қағидаларының 6-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Үлгілік ереженің негiзiнде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда олардың құрылымын, қызметін жүргізілетін құпия жұмыстардың көлемін ескере отырып, мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы ведомстволық ереже әзiрленеді.
Осы Үлгілік ережеде ұйымдар деп мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істейтін заңды тұлғалар түсініледі.
3. Мемлекеттік орган мен ұйымның мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы (бұдан әрі – тұрақты жұмыс істейтін комиссия) мемлекеттік құпияларды қорғау, техникалық барлауға қарсы іс-қимыл, құпиясыздандыру, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің жария болу немесе олардың жеткізгіштерін жоғалту болдырмау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін құрылатын, мемлекеттік орган бiрiншi басшысының жанындағы алқалық консультативтiк орган болып табылады.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссия өз қызметінде мемлекеттік органның және ұйымның басшысына есеп бередi.
4. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмыс органы болып табылады. Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесі болмаған жағдайда мемлекеттік орган мен ұйым басшысының бұйрығымен жұмыс органының функциясы мемлекеттік құпияларға тиісті нысандағы рұқсаттары бар саны екі адамнан кем емес мемлекеттік органы және ұйымы қызметінің негізгі бағыттарының мамандары қатарынан тұратын топқа жүктеледі.
5. Тұрақты жұмыс істейтін комиссия өз қызметiнде "Мемлекеттiк құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулықты, осы Үлгілік ережені және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актілерді басшылыққа алады.
6. Құпия жұмыстар көлемi аз болған кезде тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылмауы мүмкiн. Мұндай жағдайларда басшының бұйрығымен нақты мәселе бойынша ұсынымдарды шешу және әзірлеу үшiн мемлекеттік құпияларды қорғау бөлiмшесі басшысының не болмаса мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті адамның қатысуымен мемлекеттік орган және ұйым қызметiнiң негiзгi бағыттарының мамандары қатарынан комиссия құрылады.
2-тарау. Тұрақты жұмыс істейтін комиссияның негізгі мiндеттерi
7. Тұрақты жұмыс істейтін комиссияның негізгі міндеті мемлекеттік органның және ұйымның өндiрiстiк, өндiрiстiк-техникалық, ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және өзге де қызметi барысында мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету бойынша көмек көрсету болып табылады.
8. Тұрақты жұмыс істейтін комиссия мынадай практикалық ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді:
1) мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2) мемлекеттiк құпияларды қорғау, жүргiзiлетiн жұмыстардың құпиялылық режимі, техникалық барлауға қарсы іс-қимыл саласындағы ведомстволық құжаттарды және нормативтік құқықтық актілерді дайындау;
3) жұмыстардағы, құжаттардағы және бұйымдардағы мәліметтердің құпиялылық дәрежесін айқындау және өзгерту;
4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін құпиясыздандыру;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне және мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның мөлшерін анықтау;
6) айрықша режимдi, режимді және ерекше қорғалатын объектілерді және олар жүргізетін жұмыстарды аңыздандыру, жасыру мен шифрлау, сондай-ақ бүркемелеу аңыздарын және оларды енгізу мен күшейту, шетелге іссапарға шығатын мамандарды аңыздандыру жөніндегі іс-шараларды бағалау және негізділігіне, жеткіліктілігі мен күтілетін тиімділігіне қатысты қорытындылар шығару;
7) құпия бұйымдарды жасау мен жетілдіру жөнінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және өзге де жұмыстарды жүргізу;
8) мемлекеттік құпияларды құрайтын маңызды жаңалықтарды, өнертабыстарды және жаңашыл ұсыныстарды енгiзу, түбегейлі жаңа бұйымдар мен технологияларды жасау, қолда бар қару-жарақ пен әскери техниканы жетілдiру;
9) құпия бұйымдарды сынаудың барлық түрлерi мен кезеңдері;
10) айрықша режимдi, режимдi және ерекше қорғалатын объектілердiң құрылысына арналған жер телімдерін, оларды жасыру мен шифрлау жөнiндегi талаптарды ескере отырып таңдау және бөлу;
11) айрықша режимді, режимді және ерекше қорғалатын объектілерді, олардың құрылысын, қайта жаңартуды, жабдықты орнатуды жобалау;
12) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, ғылым мен техника саласындағы жаңа жетістіктер, оның ішінде қару-жарақ пен әскери техника мүмкіндіктерінің сапалы жаңа деңгейін айқындайтын принципті маңызы бар жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық шешімдер туралы ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;
13) өткізу режимін ұйымдастырумен немесе күшейтумен байланысты іс-шараларды жүргізу;
14) шет елге және шетел қатысатын ұйымдарға беруге арналған құпия құжаттарды, бұйымдар мен олардың техникалық құжаттамасын дайындау, шығару және жөнелту;
15) ұйымдарды айрықша режимдi, режимдi және ерекше қорғалатын объектiлер санатына жатқызу қажеттілігі мен орындылығы.
Осы тармақта көзделген тұрақты жұмыс істейтін комиссия жұмысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға тұрақты жұмыс істейтін комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезде төрағаның орынбасары мен хатшысы қол қояды.
9. Тұрақты жұмыс істейтін комиссия мынадай мәселелерді қарастырады:
1) құпия мәлiметтер таралып кетуі ықтимал арналарды бағалау;
2) жария болған, сондай-ақ жоғалған құжаттар мен бұйымдарда қамтылған мәліметтердің құпиялылық дәрежесін айқындау;
3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария ету, олардың жеткізгіштерін және бұйымдарын жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның мөлшерін анықтау;
4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, олардың жеткізгіштері мен бұйымдарын құпиясыздандыру;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді құпияландырудың мерзімін ұзарту қажеттілігі мен орындылығы.
Осы тармақта көзделген тұрақты жұмыс істейтін комиссия жұмысының нәтижелері қорытындымен ресімделеді. Қорытындыға тұрақты жұмыс істейтін комиссияның төрағасы не ол болмаған кезде төрағаның орынбасары, тұрақты жұмыс істейтін комиссияның барлық мүшелері мен хатшысы, сондай-ақ тартылған мамандар лауазымдарын көрсете отырып, қол қояды.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қорытындыларындағы қабылданған шешімдерді мемлекеттік орган мен ұйымның басшысы бекітеді.
3-тарау. Тұрақты жұмыс істейтін комиссия қызметін ұйымдастыру тәртібі
10. Тұрақты жұмыс істейтін комиссия мәжілістері қажет болған жағдайда, бірақ кемінде жылына бір рет өткізіледі.
11. Мемлекеттік орган мен ұйымның жұмыс барысында туындайтын мәселелердi егжей-тегжейлi зерделеу және тиiстi шешiмдер әзiрлеу үшiн басшыларына мәлiметтердi мемлекеттiк құпияларға жатқызу жөнiнде өкiлеттiктер берiлген мүдделі мемлекеттiк органдардың мамандарын тартуға жол беріледі. Мамандардың мемлекеттік құпияларға тиісті нысандағы рұқсаттары және қаралатын мәселелерге тiкелей қатысы бар болуы тиіс.
12. Мемлекеттік орган мен ұйымдарының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясы жұмысының нәтижелері жылдық жиынтық мәліметтерінде (есептерде) көрсетіледі.
4-тарау. Тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрамы
13. Тұрақты жұмыс істейтін комиссияның құрамы үш адамнан кем емес лауазымдар (қызметтің негізгі бағыттарының және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесінің басшылары) деңгейінде қалыптасады және басшының бұйрығымен бекітіледі.
14. Мемлекеттік орган мен ұйым бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасқан жағдайда тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрамына мемлекеттік құпияларға тиісті нысандағы рұқсаты бар бірлескен құпия жұмыстарға тапсырыс берушінің және (немесе) тапсырыс орындаушысының өкілін енгізуге болады.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерi өздерiне жүктелген міндеттердi орындау үшін барлық қажеттi құжаттармен және материалдармен танысады.
15. Тұрақты жұмыс істейтін комиссияны мемлекеттік орган мен ұйым басшысының орынбасарлары қатарынан тағайындалған төраға не болмаса басшының бұйрығымен мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыру жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды адам басқарады.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының төрағасы жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе ұйымның тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшесі болуы мүмкін.
16. Тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатарынан төраға уақытша болмаған кезде оның міндеті мен құқықтары жүктелетін тұрақты жұмыс істейтін комиссия төрағасының орынбасары тағайындалады.
17. Мәжіліс тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды деп саналады. Тұрақты жұмыс істейтін комиссияның шешімі мәжіліске қатысып отырғандардың жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда тұрақты жұмыс істейтін комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
18. Тұрақты жұмыс істейтін комиссия қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету үшін мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесі қызметкерлерінің қатарынан мемлекеттік орган мен ұйым басшысының бұйрығымен хатшы тағайындалады.
Мемлекеттік орган мен ұйымда мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесі болмаған жағдайда хатшы болып мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті адам тағайындалады.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссия хатшысы уақытша болмаған кезеңде оны мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесі қызметкерінің бірі немесе мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті адам алмастырады.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссия хатшысы тұрақты жұмыс істейтін комиссияның хаттамалары мен қорытындыларын ресімдейді, шешімдерінің орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады, кеңестерінің шешiмдерi мен хаттамаларын іске асыру бойынша шараларды дайындайды, сондай-ақ жұмысы туралы есеп дайындайды.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссия хатшысы:
1) төрағаның нұсқауы бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссияның хаттамаларын, ұсынымдары мен ұсыныстарын іске асыру мәселелерi жөнiндегi бұйрықтар мен өкiмдер жобаларын дайындайды;
2) барлық мүшелерді мәжіліс материалдарымен және шешімдер жобаларымен алдын ала таныстырады;
3) тұрақты жұмыс істейтін комиссия шешiмдерiн тиiстi лауазымды адамдарға оларға қатысты бөлiгiнде уақтылы жеткiзуді қамтамасыз етедi;
4) тұрақты жұмыс істейтін комиссия шешiмдерiнің орындалуын тұрақты бақылауды жүзеге асырады және қажетінше оның мүшелерiне осы шешiмдердiң орындалу барысы туралы хабарлайды.
Тұрақты жұмыс істейтін комиссия хатшысы өз құзыреті шеңберінде орындаушылардан кезекті мәжiлiсте қаралатын мәселелер жөнiндегi материалдар мен шешімдер жобаларын уақтылы ұсынуына сұраныс жасайды.
Хатшы тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшесі болып табылмайды..