БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20907 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесінде:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Ережеде "жекелеген тауар түрлері" деп үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлар, сондай-ақ "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен экспортқа және (немесе) импортқа айрықша құқық берілген тауарлар түсініледі.";
3. "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Біржолғы лицензияның қолданылу кезеңі оның қолданысы басталған күннен бастап 1 (бір) жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданылу мерзімі сыртқы сауда келісімшартының (шартының) қолданылу мерзімімен немесе лицензия беру үшін негіз болып табылатын құжаттың қолданылу мерзімімен шектелуі мүмкін.
Айрықша лицензияның қолданылу мерзімі әрбір нақты жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленеді.
6. Лицензияны ресімдеу үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ лицензияның орындалғанын растайтын құжаттар лицензияның қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде не лицензияның қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап уәкілетті органдарда сақталуға тиіс.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен жойылады.
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
8. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызметті қараудың және көрсетудің жалпы мерзімі:
экспортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
импортқа лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
ақпаратты немесе шифрлау (криптографиялық) құралдарын жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың экспортына немесе импортына лицензия беру кезінде - 10 (он) жұмыс күні ішінде;
экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен жауап алғаннан кейін жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) біліктілік талаптарына (бұдан әрі - біліктілік талаптары) сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушы импортқа лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті алушы экспортқа лицензия алу үшін ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті алушы экспортқа және (немесе) импортқа айрықша лицензия алу үшін ұсынған құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензияны ресімдейді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.";
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
И. Оспанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Экспортқа лицензия беру кезінде-5 (бес) жұмыс күні ішінде. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына немесе экспортына лицензия немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру кезінде - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК). Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа № 1 қосымшаның 1 және 2-нысандары бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті | Комитет промышленности Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан | |
Астана қаласы | город Астана | |
Нөмір: [Құжат нөмірі] |
Берілген күні: | |
[Ұйымның атауы, заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі] | ||
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ | ||
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті, Сіздің жылдың [Күнінен] бастап №[Кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды. | ||
[Қолтаңба] | [Тегі, Аты, Әкесінің аты (егер бар болса) қол қоюшы] |