"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 68 қе бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 101қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 33808 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 44-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 68 қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15796 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. ҰҚО-да тамақтандыруды ұйымдастыруға басшылықты:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде (бұдан әрі – Шекара қызметі) – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Тыл департаменті.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Асханаға тәуліктік нарядқа тағайындалған адамдар ет,балықты өңдеуге, тамақты таратуға және дайын тағамды таратуға сондай-ақ тамақ пісіретін қазандарды (плиталық қазандардан басқа) жууға тартуға қатыспайды.".

      39-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. ҰҚО республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы азық-түлік қызметінің объектілерінде:

      1) аспаздармен, асхана жұмысшыларымен және тәуліктік нарядпен санитарлық ережелерді орындауын;

      2) медициналық қызметкерлерімен бақылаудың объективті әдістемесін, гигиеналық дайындық, аспазшылармен (наубайшылармен) Санитарлық ережелерді орындау және жеке гигиена қағидаларын сақтау бойынша сабақ өткізуін;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (Нормативті-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 32276 тіркелген) бұйрығына сәйкес азық-түлікті алу, тасымалдау, сақтау және беру, тағамды дайындау және дайын тағамды тарату кезінде (оның ішінде зертханалық тексерулер мен сынақтарды өткізу жолымен) қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың өткізілуіне, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.".

      44-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. ҰҚО республикалық мемлекеттік мекемесінің (бөлімшесінің) асханаларында тамақ осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азық-түлік тарату мәзірі бойынша дайындалады.".

      89-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде ҰҚК ӘТҚД лауазымды адамдары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      6) апта сайынғы азық-түлікті тарату мәзірін республикалық мемлекеттік мекеменің мүдделі бөлімшелерімен келісім бойынша тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін басқа ұйымның уәкілетті өкілі жасайды.

      Әскери қызметшілерді азық-түлікпен қамтамасыз ету дербес ұйымдастырылған жағдайда азық-түлікті тарату мәзірін азық-түлікпен қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адам жасайды.

      Азық-түлікті тарату мәзірі қамтамасыз етудің әр заттай нормасы бойынша тамақтандырылатын адам санына қарамастан жасалады және оны ҰҚК ӘТҚД бастығы не оны алмастыратын адам үш данада бекітеді. Бір данасы республикалық мемлекеттік мекеменің бухгалтериясында, екінші және үшінші данасы тамақтану және пісіру залдарына орналастырылады. Бекітілген азық-түлікті тарату мәзіріне өзгерістер ҰҚК ӘТҚД бастығының не оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсатымен енгізіледі;

      7) тамақтанушылар саны мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған сәттен бастап жеткізіледі және нақтылау қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл жағдайда ҰҚК әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарының лауазымды адамдары әр айдың 1-ші күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге әскери қызметшілерді тамақпен қамтамасыз етуге жауапты бөлімше бастығы немесе оның орынбасары қол қойған осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тапсырыс береді. Азық-түлікпен қамтамасыз етілетін әскери қызметшілердің саны өзгерген кезде әскери қызметшілерді тамақтандыруға қосымша бекітілген тапсырыс және негіздеме хат жолданады.";

      Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 14-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2023 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 101қе бұйрығына
қосымша/
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының міндетін
атқарушының
2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 68қе бұйрығына
14 қосымшасы

      Азық-түлікті ауыстыруға рұқсат етемін:                         БЕКІТЕМІН

      _________________                   _____________ ҰҚО мемлекеттік мекеме бастығы

      ________________________ _________________________________________________

      ________________________             арнайы немесе әскери атағы,

      қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылғы "___" ________

      ________ ҰҚО мемлекеттік мекемесінің бастығы

      __________________________________________________

      арнаулы немесе әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

20___ жылғы ___________ "___" бастап _____________ "___" уақытқа ______ заттай норма бойынша бір әскери қызметшіге күніне қазанға салуға тиесілі АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТАРАТУ МӘЗІРІ

Күні және апта күндері

Тамақ ішу

Тағамның атауы

Әртүрлі жармалар

Сүт өнімдері

Азық-түліктер

Көкөністер

















Дүйсенбі
20__ ж. "__" _______

Таңғы ас



































Түскі ас

Тіскебасар


















I тағам


















II тағам


















III тағам


















Кешкі ас



































Бір күндік азық-түлік барлығы:

















Сейсенбі
20__ ж. "__" _______

Таңғы ас



































Түскі ас

Тіскебасар


















I тағам


















II тағам


















III тағам


















Кешкі ас



































Бір күндік азық-түлік барлығы:

















Сәрсенбі
20__ ж. "__" _______

Таңғы ас



































Түскі ас

Тіскебасар


















I тағам


















II тағам


















III тағам


















Кешкі ас



































Бір күндік азық-түлік барлығы:

















Бейсенбі
20__ ж. "__" _______

Таңғы ас



































Түскі ас

Тіскебасар


















I тағам


















II тағам


















III тағам


















Кешкі ас



































Бір күндік азық-түлік барлығы:

















Жұма
20__ ж. "__" _______

Таңғы ас



































Түскі ас

Тіскебасар


















I тағам


















II тағам


















III тағам


















Кешкі ас



































Бір күндік азық-түлік барлығы:

















Сенбі
20__ ж. "__" _______

Таңғы ас



































Түскі ас

Тіскебасар


















I тағам


















II тағам


















III тағам


















Кешкі ас



































Бір күндік азық-түліктің барлығы:

















Жексенбі
20__ ж. "__" _______

Таңғы ас



































Түскі ас

Тіскебасар


















I тағам


















II тағам


















III тағам


















Кешкі ас



































Бір күндік азық-түлік барлығы:

















      Кестенің жалғасы

Көкөнiс шырыны

Жемiс-жидек шырыны

Ара балы

Жаңа пiскен жемiс (алма, банан, апельсин)

Дайын тағамның жалпы салмағы (грамм)

Ет және балық мөлшерлерінің салмағы (грамм)



























































































































































































































































































































































































      Материалдық қамтамасыз ету басқармасының (бөлім) бастығы

      ____________________________________________________________

      арнаулы немесе әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Материалдық қамтамасыз ету басқармасының (бөлім) консультанты (аға офицер

      ____________________________________________________

      арнаулы және әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Медициналық қамтамасыз ету (топ) бөлім бастығы

      _____________________________________________________

      арнаулы және әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады