БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті органның келісуі бойынша, қандастар мен қоныс аударушыларды, оның ішінде облыс ішінде қоныстандыру мақсатында жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған елді мекендердің тізбесін бекітеді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" жобасына қатысушылар қатарындағы түлектер, сондай-ақ қандастар шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысады.
Бұл ретте, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашак" жобасына қатысушылар қатарындағы түлектер оқу өңіріне қарамастан осы Қағидаларға сәйкес қабылдау өңірінде мемлекеттік қолдау шарасын ала алады. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы осы Қағидаларда көзделген ерікті қоныс аударуға арналған мемлекеттік қолдау шараларын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. "Шыққан өңірлерінен қоныс аударушыларды қабылдау өңірлеріне өз бетінше келген және сонда алты айдан артық тұрмаған қоныс аударушылар, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашак" жобаларына түлектері оқу орнын аяқтаған соң алты ай мерзімінде және қоныс аударушыларды қабылдау өңірлерінде тіркелуіне тәуелсіз мансап орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Қабылдау өңірінің осы Қағидалардың шартына сәйкес өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушіге:
1) мынадай:
- кемінде екі жыл мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыру;
- тұрғын үймен қамтамасыз ету шартымен қабылданған әрбір қызметкер үшін жұмысқа орналасуға 400 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде біржолғы субсидия беріледі;
2) мынадай:
- кемінде бес жыл мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыру;
- кемінде бес жылға тұрғын үймен қамтамасыз ету шартымен қоныс аударушының немесе қандастың отбасына тұрғын үй беру үшін тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1160 АЕК асырмай жұмыс беруші шығыстарының бөлігі өтеледі
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Әлеуметтік келісімшарт жасалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде еңбек мобильділігі орталықтары жұмыс берушінің екінші деңгейдегі банкте немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда ашқан дербес шотына ақшалай төлемді аударады.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Жаңа тұрғылықты жерге келгеннен және өңірлік квотаға енгізілгеннен кейін қандастар мен қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ отбасы жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға материалдық көмек беріледі.
Еңбек мобильділігін арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру шараларына қатысқанға дейін соңғы 36 ай бұрын ерлі-зайыптылар арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдар азаматтық хал актілерін жазу кітабында некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы ұсынады.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Экономикалық мобильділік сертификаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу, тұрғын үйді сатып алу және салу үшін ақшалай төлем түріндегі материалдық көмек.
Экономикалық мобильділік сертификаты келу өңірінде тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үйді сатып алу кезінде қандастар мен қоныс аударушыларға беріледі.
Экономикалық мобильділік сертификаты отбасына, сондай-ақ жалғызбасты адамдарға, отбасылық жағдайына қарамастан және осы Қағидалардың 66-тармағының екінші бөлігінде көзделген адамдарға тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1 160 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі.";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем алу үшін қандастар және қоныс аударушылар осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысанда бірге мансап орталығына мыналарды қоса бере отырып, өтініш береді:
1) тұрғын үй сатып алу кезінде – сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалай отырып, тұрғын үй сатып алудың алдын ала жасалған шарты немесе сатып – алу шарты жылжымайтын мүліктің құнын бағалай отырып,
тұрғын үйді сатып алудың алдын ала шарты немесе шарты.
Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша төлемді алғаннан кейін тұрғын үйді сатып алудың алдын ала жасалған шарты ұсынылған жағдайда күнтізбелік қырық бес күн ішінде тұрғын үйді сатып алу - сату шартының түпнұсқасы ұсынылады;
2) тұрғын үйді сатып алуда тұрғын үй ипотекалық қарызы бойынша алғашқы жарна кезінде екінші деңгейдегі банктердің тұрғын үй қарызын беруді мақұлдауды растайтын құжат;
3) тұрғын үй құрылысын салу кезінде – қандастардың немесе қоныс аударушылардың меншігінде жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесінің не/немесе жеке қосалқы шаруашылық бар екенін растайтын құжат.
Аталған құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі ұсынылады. Оларды салыстырып тексергеннен кейін түпнұсақалар өтініш иесіне қайтарылады.
Еңбек мобильділігі орталығы атынан мансап орталықтары өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды, экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім шығарады және ақшалай қаражат төлемін жүргізу үшін Еңбек мобильділігі орталығына жібереді, себептерін дәлелді негіздей отырып, одан бас тарту туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабарландырады.
Экономикалық мобильділік сертификатын беруден бас тарту үшін негіздер:
1) өтініш берушінің осы тармақтың бірінші бөлімінде көзделген құжаттарды ұсынбауы;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау.
Экономикалық мобильділік сертификаты есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау үшін қандас немесе қоныс аударушы меншік құқығымен еңбек мобильділігі орталығының келісімін алуы қажет.";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Еңбек мобильділігі орталықтары:
1) тұрғын үйді сатып алу кезінде – экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тұрғын үйді сатып алу-сатудың алдын ала жасалған шартына сәйкес сатушының екінші деңгейдегі банктегі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдардағы дербес шотына;
2) ипотекалық қарыз кезінде - экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тұрғын үй қарызы шартына сәйкес екінші деңгей банктердің дербес шотына;
3) тұрғын үйді салу кезінде – қандастар мен қоныс аударушылардың екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының жекелей түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдағы дербес шотына экономикалық мобильділігі сертификаты бойынша ақшалай төлемді аударады:
экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде экономикалық мобильділік сертификаты сомасының 25%-ын аударады.
Қандас пен қоныс аударушы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде тұрғын үй құрылысының басталғандығы жөнінде мансап орталықтарын хабардар етеді;
құрылыс және монтаждау жұмыстарының аяқталғандығы жөнінде аудандық (қалалық) комиссияның растауымен екі жұмыс күні ішінде экономикалық мобильділік сертификаты сомасының 40%-ын аударады. Құрылыс және монтаждау жұмыстарының басталғанын растау үшін өтініш беруші мансап орталығына ерікті түрде нысандағы фото, бейне дәлелдемелері арқылы өтініш ұсынады.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия көрсетілген өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде құрылыс орнына шығады және құрылыс және монтаждау жұмыстарының басталғаны жөнінде фактінің расталуы немесе расталмауы туралы шешім шығарады, ол туралы өтініш берушіні хабардар етеді;
құрылыс жұмыстарының аяқталғандығы жөнінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде экономикалық ұтқырлық сертификаты сомасының 35% -ын аударады.
Тұрғын үй құрылысының аяқталғаны туралы факт өтініш берушінің мансап орталықтарына Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға беру актісі арқылы расталады.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Көшу шығыстарын өтеу бір рет отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде бір рет беріледі.
Көшу шығыстарын өтеу үшін қандастар мен қоныс аударушылар мансап орталықтарына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мансап орталықтары өтініштер тізбесін қалыптастырады және жалақы төлеу үшін еңбек мобильділігі орталығына тізбені жібереді.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу үшін қандастар мен қоныс аударушылар мансап орталықтарына осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мансап орталықтары өтініштер тізбесін қалыптастырады және екі жұмыс күні ішінде еңбекақы төлеу үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
Жалға алу/қызметтік тұрғын үй беру кезінде жалдау шартына сәйкес тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу ұсынылмайды.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Еңбек мобильділігі орталығының атынан материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген Мансап орталығының материалдық көмек көрсетуі туралы шешім өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Қандастар және қоныс аударушылар "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатысқан кезде қандастарда және қоныс аударушыда және оның отбасы мүшелерінде жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығындағы тұрғынжайы не соңғы алты айдан астам мерзімге коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануындағы тұрғынжайы болған жағдайда, тұрғынжайы, қызметтік тұрғынжайы не жаңа тұрғылықты жері бойынша жатақханаға бөлмесі ұсынылмайды, тұрғынжайды жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар өтелмейді, экономикалық мобильділік сертификат бойынша ақшалай төлем берілмейді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет миинистрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметтері департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;
4) осы бұйрықты облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 536 Бұйрыққа 1-қосымша Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт
20__ жылғы "___" __________
( жасалған орны )
_____________________________________________________________________,
Бұдан әрі "Еңбек мобильділігі орталығы" деп аталатын
_______________________________________________________________ атынан
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Еңбек мобильділігі орталығының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бір тараптан және бұдан әрі "Ерікті қоныс аударуға қатысушы" деп аталатын
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын
куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген) екінші тараптан
төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:
1-тарау. Келісімшарттың мәні
1. Келісімшарт жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.
2. Еңбек ұтқырлығы орталығының филиалы және ерікті қоныс аударуға қатысушы ретінде мансап орталығы келісімшарттың тараптары болып табылады.
Келісімшарт шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары:________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
________________________ ұсынылады.
3. Контракт заключен на основании приказа руководителя Центра трудовой мобильности.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Мансап орталығының:
1) Ерікті қоныс аударуға қатысушыдан материалдық көмек тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;
2) тұрғын үй комиссиясының Ерікті қоныс аударуға қатысушыға тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдауға;
3) Ерікті қоныс аударуға қатысушымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға;
4) материалдық көмек төлеу туралы шешім қабылдау және ерікті қоныс аударуға қатысушының дербес шотына субсидиялар аудару үшін еңбек ұтқырлығы орталығына жібереді;
5) Ерікті қоныс аударуға қатысушының тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмеге) қоныстануын қамтамасыз етуге;
6) Ерікті қоныс аударуға қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдемдесуге;
7) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелді) ескертілген жағдайларда Ерікті қоныс аударуға қатысушы отбасының кәмелеттік жасқа толған басқа мүшелерімен тұрғын үйді жалға алу шартын қайта жасауға құқығы бар.
5. Мансап орталығы:
1) Ерікті қоныс аударуға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және кәсіби дағдыларды игеруге жәрдемдесуге және оны бақылауды жүзеге асыруға;
2) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға;
3) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;
4) Ерікті қоныс аударуға қатысушының көшу тәртібіне, мерзіміне қатысты ақпаратты шыққан жеріндегі мансап орталығынан сұратуға;
5) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
6) Келісімшарт талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шартын бұзуға;
7) жұмысқа орналастырудың жеке картасында Ерікті қоныс аударуға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетуге;
8) Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға және олардың кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелеріне жыл сайын берілген тұрғын үйдің сапасына қанағаттану бойынша сауалнама жүргізеуге;
9) саны, сапасы, қоныс аударуға арналған елді мекенде орналасуы бойынша Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігіне мониторинг жүргізуге міндетті.
6. Ерікті қоныс аударуға қатысушының:
1) Мансап орталығына материалдық көмек тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен қажетті құжаттар топтамасын тапсыруға;
2) шыққан жерінің мансап орталығынан көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;
3) Келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;
7. Ерікті қоныс аударуға қатысушы:
1) көшуге жолдама алғаннан кейін белгіленген мерзімдерде айқындалған елді мекенге келуге;
2) Мансап орталығымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға беру шартын жасауға және оған белгіленген мерзімде қоныстануға;
3) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейіннен жұмысқа орналасумен кәсіптік оқытудан өтуге;
4) міндетті түрде дара кәсіпкер, заңды тұлға, жеке практикамен айналысатын адам ретінде немесе шаруа немесе фермер қожалығы нысанында тіркелумен әзірленген бизнес-жоспарға сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
5) коммуналдық және жалға алу ақысын уақтылы төлеуге;
6) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;
7) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға;
8) әлеуметтік келісімшарт жасалған сәттен бастап бес жыл ішінде қоныстандыру орнынан (отбасымен) шыққан жағдайда екі ай ішінде бюджетке алынған материалдық көмек сомасын өтеуге міндетті.
9. Жұмыс беруші міндетті:
5) ерікті қоныс аударуға қатысушы алған кірістерден жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салықты төлеуді және шығыстардан әлеуметтік аударымдарды аударуды, сондай-ақ ерікті қоныс аударуға қатысушыға орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төленетін кірістер түріндегі жұмыс берушінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруына аударымдарды Республика кодексіне сәйкес жүргізсін Қазақстан "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" (бұдан әрі – Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен, сондай-ақ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;
8. Вахталық әдіспен жұмысқа орналасу не тұратын өңірден тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыру, әскери қызметке шақыру, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін ауру жағдайларын қоспағанда, ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының отбасы мүшелерінің бірі қоныс аударған жерден шыққан жағдайда, отбасының кеткен мүшесі алған материалдық көмектің сомасы екі ай ішінде бюджетке қайтарылады. жұмыс берушінің басқа жерге оқуға өтінімі бойынша.
9. Отбасы мүшелерінің бірінің қоныстану орнынан тыс шығу фактісі анықталғаннан кейін еңбек ұтқырлығы орталығы отбасы мүшелерінің санына сәйкес материалдық көмекті қайта есептейді.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
10. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушылар осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.
11. Мансап орталығының мен Ерікті қоныс аударуға қатысушылар осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.
12. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Мансап орталығын Ерікті қоныс аударуға қатысушыларды осы мерзімнің аяқталуына дейін болған оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
4-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары
13. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
14. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.
15. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, мансап орталықты мен Ерікті қоныс аударуға қатысушыны мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады.
Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
16. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты мансап орталығының және Ерікті қоныс аударуға қатысушының осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда мансап орталығы және Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
5-тарау. Басқа да жағдайлар
17. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
18. Осы Келісімшарт оған еңбек ұтқырлығы орталығы, ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және оған дейін қолданылады "__" ______ 20__ жыл.
6-тарау. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері Еңбек мобильділігі орталығы Ерікті қоныс аударуға қатысушы
________________________________ ________________________________ | ____________________________ ________________________________ ________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ________________________________ ________________________________ ________________________________ (мекенжайы) _______________________________ ________________________________ (телефон, факс) ________________________________ (қолы) |
2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 536 Бұйрықққа 2-қосымша Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Өтініш
__________________________________________________________________________
____________________________________________________негізінде әрекет ететін
(Ереже, жарғы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
атынан____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
жұмыс беруші ретінде ерікті өңіраралық қоныс аударуға қатысушылар құрамына қосуды және 400 АЕК мөлшерінде субсидия тағайындауды немесе тұрғын үй шығыстарын өтеуді сұраймын.
Мәселе оң шешiлген жағдайда төмендегілер туралы:
1) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны кемінде екі немесе бес жыл мерзімге тұрақты жұмысқа орналастыруға;
2) жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің еңбек шарттары бойынша мәліметтерді "Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ААЖ-да орналастыруды қамтамасыз ету;
3) Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының көшуі, жаңа тұрғылықты жерінде жайластыруға жәрдемақы беру, қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі немесе жұмыскердің тұрғын үй жалдау жөніндегі шығыстарын өтеу, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға жұмсаған шығыстарын ішінара өтеу, жұмыскердің шығыстарын толық немесе ішінара өтеу міндеттемелерін қабылдаймын.
№ п/п | Ерікті қоныс аударуға қатысушының аты-жөні | Бұйрықтың №, күні | Кім ретінде жұмысқа қабылданды | Айлық жалақының мөлшері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қосымша:
1. Көшу, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беру, қызметтік тұрғын үй беру немесе жұмыскердің тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеу, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға жұмсаған шығыстарын ішінара өтеу бойынша шығыстар сметасы.
2. Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу туралы өңірлік комиссияның шешімі.
3. Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісі не жұмыс берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарының көшірмесі;
4) шығыстарды өтеу кезінде тұрғын-үйді сату-сатып алу келісімшартын;
5) жалдау немесе қайтарымсыз негізде пайдалану келісімшарты.
Басшы _____________________ ________________ қолы күні
М.О. (бар болса)
Өтініш
Бізге тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу үшін құқығымызды іске асыруға тиесілі экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша соманы төлеуді сұраймын.
Экономикалық ұтқырлық сертификат мыналарға пайдаланылады:
- құрылыс үшін ____________________________________________;
- сатып алу үшін_______________________________________________;
- тұрғын-үй қарызы ипотекасы бойынша алғашқы жарна ретінде өтеу үшін
__________________________________________________.
_______________________________________________________________
(банктiң атауы, банктiң бизнес, жеке сәйкестендіру номірі, банктiң банктік сәйкестендіру коды, алушының жеке шотының нөмiрi көрсетiледi)
Мекенжай: қала (аудан, ауыл), көше, үй_____________________.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) екінші деңгейдегі банкте ашқан жеке шотымның нөмірі;
2) тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейлі банктен хат;
3) сатып алған жағдайда алдын-ала сату-сатып алу шарты;
4) тұрғын үй құрылысын жүргізген жағдайда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жерге мемлекеттік тіркеу құқығы туралы куәлік.
20 __ жылғы "____" ____________ ______________________
(өтініш берушінің қолы)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалған құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
(күні) (қолы)
Құжаттар қабылданды:
20____ жылғы "____" ________
Құжаттарды қабылдаған құзыретті тұлғаның ТАӘ (бар болса) қолы
Қандастар мен қоныс аударушылардың____________________ ұсынылған
құжаттары____________ көлемде қабылданды 20___ жылғы "____" __________
_______________________________________________