БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12568 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Бағдарламаның 9-тармағында көрсетілген Бағдарлама субъектілері:
1) Осы Бағдарламаға және Doc 8973 сәйкес даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлейді және олар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісіледі;
2) осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес өз персоналын және басқа ұйымдардың атынан әрекет ететін персоналды қабылдауды, даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етеді;
3) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәдениетін енгізуді және дамытуды қамтамасыз етеді;
4) Doc 8973 12-қосымшасына D толықтыруына сәйкес өз персоналын даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етеді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау үшін персоналдың санаттары бойынша оқытудың мынадай түрлері жүргізіледі:
1) авиациялық қауіпсіздік мәселесі бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері, әуежайлардың (авиакомпаниялардың) бірінші басшыларын, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушісін, олардың орынбасарларын – АҚҚ басшыларын, авиациялық қауіпсіздік бойынша жауапты тұлғаларды даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу жинақтамаларымен (бұдан әрі – АҚОЖ), АҚОЖ/әуежай қауіпсіздігі қызметінің басшылары үшін. "АҚОЖ/әуежай қауіпсіздігі қызметінің басшылары үшін" сәйкес авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлаудан өту үшін кандидаттар "АҚОЖ/базалық" сәйкес даярлау курсынан сәтті өтуі қажет. Оқыту ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында екі жылда бір рет кезеңділікпен жүргізіледі;
2) АҚҚ басшыларының орынбасарларын, жете тексеру бөлімшесінің басшылары мен олардың орынбасарларын, қауіпсіздік бөлімше басшылары мен олардың орынбасарларын, әкімшілік бөлімше басшыларын, рұқсат беру бюросының басшыларын, кинология бөлімінің басшыларын, авиациялық қауіпсіздік бөлімінің басшыларын даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында жүргізіледі. Өңірлік курстар жүргізу кезінде оқыту "АҚОЖ/қауіпсіздік қызметінің басшылары үшін" талаптарына сәйкес, екі жылда бір рет кезеңділікпен жүргізіледі. "АҚОЖ/әуежай қауіпсіздігі қызметінің басшылары үшін" талаптарына сәйкес авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлаудан өту үшін кандидаттар "АҚОЖ/Базалық" талаптарына сәйкес даярлау курсынан сәтті өтуі қажет;
3) әуежайлардың (авиакомпаниялардың) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бірінші басшыларының орынбасарларын және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушісінің АҚҚ басшылары болып табылатын және олардың орынбасарлары, заңсыз араласу актілеріне байланысты дағдарысты жағдайларды шешу жөніндегі шұғыл штабтың мүшелері болып табылатын АҚҚ басшылары мен олардың орынбасарларын, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты дағдарысты жағдайларда іс-қимыл ұйымдастыруға жауапты шұғыл штабының басшыларын даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында жүргізіледі. Оқыту АҚОЖ/Дағдарысты жағдайларды басқару талаптарына сәйкес жүргізіледі;
4) АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің қызметкерлерін (басшыларын, басшылар орынбасарларын, ауысым басшыларын, ауысым басшыларының орынбасарларын, аға инспекторларды, инспекторларды) және бақылау-өткізу пункттерінде (бұдан әрі – БӨП) функционалдық міндеттеріне жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторларын даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі. Оқыту ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында немесе авиациялық оқу орталықтарында әзірленген, тақырыптық мазмұны, модульдердің атауы мен оқу жоспарлары осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген оқу бағдарламалары көлемінде екі жылда бір рет кезеңділікпен жүргізіледі.
"Қауіпті жүктерді әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау" курсы бойынша оқыту Doc 9284 "Әуе арқылы қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулық" (бұдан әрі – Doc 9284) нормаларына сәйкес, ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.
Алты айдан астам уақыт ішінде қызметі үзілген жағдайда авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы өзінің функционалдық міндеттерін орындауға кіріспес бұрын қайта даярлаудан өтеді. Бұл ретте, қолданыстағы жұмысқа рұқсат болған жағдайда, жұмысқа рұқсат беру рәсімі жүргізілмейді;
5) инспекторлар – профайлерді даярлау және қайта даярлау ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе авиациялық қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) профайлинг саласында даярлауды жүзеге асыратын өзге де білім беру мекемелерінде екі жылда бір рет кезеңділікпен жүргізіледі.
Өңірлік курстарды өткізу кезінде оқыту АҚОЖ/Базалық талаптарға сәйкес, ал ұлттық курстарды өткізу кезінде оқыту орталықтарында әзірленген оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген;
6) АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлерін (ауысым басшыларын, ауысым басшыларының орынбасарларын, аға инспекторларын, инспекторларын), АҚҚ әкімшілік бөлімшесі қызметкерлерін (аға инспекторларын, инспекторларын), бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторларын, рұқсат беру бюросының инспекторларын, қызметтік иттердің жолбасшы – аға инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі), қызметтік иттердің жолбасшы – инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі), авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспекторды, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспекторды, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші мамандарды, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі мамандарды даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.
Өңірлік курстарды өткізу кезінде оқыту АҚОЖ/Базалық талаптарға сәйкес, ал ұлттық курстарды өткізу кезінде оқыту орталықтарында әзірленген оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген;
7) авиациялық қауіпсіздікті оқыту жөніндегі нұсқаушылар, үйлестіруші-нұсқаушыларының даярлау және қайта даярлау ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында жүргізіледі, кемінде екі жылда бір рет. Оқыту АҚОЖ/Инструкторларының талаптарына сәйкес жүргізіледі;
8) авиациялық қауіпсіздік бойынша сапаны бақылау аудиторларын (сапаны бақылау инспекторларын) даярлау және қайта даярлау ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында жүргізіледі, кемінде екі жылда бір рет. Оқыту АҚОЖ/Ұлттық инспекторлардың талаптарына сәйкес жүргізіледі;
9) АҚҚ техникалық жабдығы мен қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспекторларды даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.
Оқыту авиациялық оқу орталықтарында әзірленген, оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген
10) авиациялық қауіпсіздік қызметінің киберқауіпсіздік жөніндегі инспекторларын даярлау және қайта даярлау Doc 8973 талаптарына сәйкес екі жылда бір рет кезеңділікпен жүргізіледі;
11) АҚҚ-ға қатыспайтын, әуежайдың бақыланатын аймағына ілесе жүрусіз кіре алатын персоналды, әуежай орынжайы мен ғимаратын жалға алушыларды және шектелген қолжетімділіктің қорғалатын аймағына рұқсаты бар барлық өзге де қызметкерлерді, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі авиациялық персоналды, әуе қозғалысы диспетчерлерін, әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі авиациялық персоналды, жолаушыларды тіркеу және қызмет көрсету процесіне қатысатын жер үстінде қызмет көрсету бойынша авиакомпаниялардың және ұйымдардың персоналын, ұшу және кабиналық экипаж мүшелерін, әуе кемелерін жинаумен және тазалаумен айналысатын ұйымдардың персоналын даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында жүргізіледі.
Оқыту авиациялық оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында әзірленген, оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген;
12) поштаны, жүкті, курьерлік және жедел жөнелтілімдерді, сондай-ақ борт жабдықтары мен борт қорын өңдеумен айналысатын персоналды даярлау және қайта даярлауды ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында өтеді.
Өңірлік курстарды өткізу кезінде оқыту АҚОЖ/Жүктерге қойылатын талаптарға сәйкес, ал ұлттық курстарды өткізу кезінде оқыту орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында әзірленген оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген.
"Қауіпті жүктерді әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау" курсы бойынша оқыту Doc 9284 нормаларына сәйкес, ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Оқыту оқу аудиторияларында, зертханаларда өткізіледі, олар:
1) рентген жабдықтарының бейнелерін түсіндіру бойынша (симулятор-жаттығу жабдықтарымен) қазіргі заманғы компьютерлік тестілеу бағдарламаларымен.
АҚҚ жете тексеру бөлімшесі қызметкерлерін (басшыларын, басшыларының орынбасарларын, ауысым басшыларын, ауысым басшыларының орынбасарларын, аға инспекторларын, инспекторларын) және БӨП-де функционалдық міндеттеріне жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторларын даярлау және қайта даярлау үшін симулятор-жаттығу жабдығы санаттар бойынша жеке-жеке даярлаудың әртүрлі бағыттары бойынша оқыту және тестілеу өткізуге мүмкіндік беруі тиіс:
қол жүгін жете тексеру;
багажды жете тексеру;
жүктi және поштаны жете тексеру.
Бұл жаттығу жабдығы суреттерге талдау жасауға, қателері бойынша жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік беруді қажет етеді. Симулятор - жаттығу жабдығы рентген-телевизиялық қондырғылармен бірдей функциялары бар және осы рентген телевизиялық қондырғысымен бірдей сападағы суреттерді көрсетеді. Симулятор - жаттығу жабдығының деректер базасы, жылына бір реттен кем емес, жаңа заттардың, оның ішінде "Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шiлдедегi № 548 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33197 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тізбе) көрсетілген қауіпті тасымалдауға тыйым салынған заттардың суреттерімен толықтырылады, олардан тренажердің көмегімен қол жүктері, багаждар, жүктер мен пошталар қалыптастырылады;
2) аудио-видео аппаратурамен, компьютерлік техникамен;
3) оқу фильмдері, слайдтар, өзге аудио, бейне және демонстрациялық оқу құралдарымен, оның ішінде жасырын оқпен атылатын және суық қаруды көрсету, жүктің көлеңкелі суретімен жарақталған.";
34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Жұмысқа рұқсат беру рәсіміне осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін және біліктілік талаптарында белгіленген критерияларға сәйкес келетін мамандандырылған оқу курсынан өткен тұлғалар жіберіледі.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы мына персоналды жұмысқа жіберуді жүзеге асырады:
1) АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің қызметкерлері (басшылары, басшыларының орынбасарлары, ауысым басшылары, ауысым басшыларының орынбасарлары, аға инспекторлары, инспекторлары) және БӨП-де функционалдық міндеттеріне жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторлары;
2) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар, оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестірушілер;
3) әуежайлардың бірінші басшыларының орынбасарлары - АҚҚ басшылары, тұрақты әуе тасымалын жүзеге асыратын авиакомпаниялардың бірінші басшыларының орынбасарлары - АҚҚ басшылары және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің АҚҚ басшылары, АҚҚ басшысының орынбасары және сапаны бақылау жөніндегі аудиторы.
35. Жұмысқа рұқсат беру рәсімі:
1) АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің қызметкерлеріне (басшылары, басшыларының орынбасарлары, ауысым басшылары, ауысым басшыларының орынбасарлары, аға инспекторлары, нспекторлары) және БӨП-де функционалдық міндеттеріне жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторларына жұмысқа рұқсат беру кандидаттардың теориялық емтихан, практикалық емтихан және рентген жабдықтарының бейнелерін түсіндіру бойынша емтихан тапсыруын көздейді.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның шешімі бойынша АҚҚ тексеру бөлімшесінің қызметкерлерін (басшыларын, басшыларының орынбасарларын, ауысым басшыларын, ауысым басшыларының орынбасарларын, аға инспекторларын, нспекторларын) және функционалдық міндеттеріне БӨП-те тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторларын жұмысқа жіберу компьютерлік тестілеу бағдарламаларын, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған заттар, жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғылары бар қол жүгінің, багаждың, жүктердің, почтаның бейнелерін жаңғыртатын тренажерлерді пайдалана отырып, қашықтықтан жіберу режимінде жүргізілуі мүмкін.
Осы Бағдарламаның 5-қосымшасына сәйкес жете тексеру бөлімшесінің қызметкерлерін (басшыларын, басшыларының орынбасарларын, ауысым басшыларын, ауысым басшыларының орынбасарларын, аға инспекторларын, нспекторларын) және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторларын жұмысқа рұқсат беру туралы сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы 2 жылға және барлық емтихандарды жақсы тапсырған соң береді, әрқайсысы үшін ең төменгі өту балы 80 пайызды құрайды.
Емтиханды тапсырмаған үміткерлер қайтадан емтихан тапсыруға жіберіледі. Емтиханды қатарынан екі рет тапсыра алмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайтадан өтеді;
2) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыларды, авиациялық қауіпсіздікті оқыту жөніндегі үйлестіруші – нұсқаушыларды жұмысқа жіберу рәсімі үміткерлердің теориялық емтихан тапсыруын, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласындағы әртүрлі тақырыптар бойынша презентация дайындауды және тапсыруды көздейді.
Осы бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыны, авиациялық қауіпсіздікті оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестірушіні жұмысқа жіберу туралы сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым теориялық емтихан мен презентацияны сәтті тапсырғаннан кейін 2 жылға береді, олар үшін ең төменгі өту балы 90 пайызды құрайды.
Теориялық және (немесе) практикалық емтиханды (презентацияны) тапсырмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайта өтеді, теориялық және (немесе) практикалық емтиханды (презентацияны) қайта тапсырмаған үміткерлер емтиханға 3 айдан кейін жіберіледі;
3) Әуежайдың бірінші басшысының орынбасарын – АҚҚ басшысын, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның АҚҚ бірінші басшысының орынбасарын – басшысын және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің АҚҚ басшысын жұмысқа жіберу рәсімі үміткерлердің теориялық емтихан тапсыруын көздейді.
Осы бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайдың бірінші басшысының орынбасары – АҚҚ қызметінің басшысы, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның АҚҚ бірінші басшысының орынбасары-басшысы, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің АҚҚ басшысы және АҚҚ басшысының орынбасары жұмысқа жіберу туралы сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым теориялық емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін 2 жылға береді, ол үшін ең төменгі өту балы 90 пайызды құрайды.
Теориялық емтиханды тапсырмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайта өтеді, теориялық емтиханды қайта тапсырмаған үміткерлер емтиханға 3 айдан кейін жіберіледі;
4) сапаны бақылау аудиторларының жұмысына рұқсат беру рәсімі үміткерлердің теориялық емтихан (тест) тапсыруын және сипаттамалары сценарий түрінде берілетін шартты әуежайды тексеру қорытындылары бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы актіні дайындау бойынша жаттығуларды орындауды көздейді.
Сапаны бақылау аудиторының жұмысына рұқсат беру туралы осы Бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым теориялық және практикалық емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін 2 жылға береді, олардың әрқайсысы үшін ең төменгі өту балы 90 пайызды құрайды.
Теориялық және (немесе) практикалық емтихандарды тапсырмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайта өтеді, емтихандарды қайта тапсырмаған үміткерлер емтиханға 3 айдан кейін жіберіледі.";
38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Рентген жабдықтарының бейнесін түсіндіру бойынша емтихан АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторлары үшін:
1) рентген жабдықтарының кескіндерін түсіндіру бойынша емтиханды мамандардан құралған комиссия қабылдайды, оның біреуі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның өкілі болып табылады. Комиссияға мүше ретінде азаматтық авиацияның басқа ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарын енгізуге болады;
2) емтихан қол жүгі заттарын, багаж, жүктер, пошта, тасымалдауға тыйым салынған заттарды, жарылғыш заттар мен жару құрылғылардың суретін көрсете отырып, компьютерлік тренажер арқылы өткізіледі. Емтиханды тапсыру үшін АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшысы, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшысының орынбасары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшысы, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшысының орынбасары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторы, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің инспекторы және БӨП-де функционалдық міндеттеріне жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторлары ұсынылған суреттердің жалпы санының кемінде 80 пайызын түсіндіріп береді, сондай-ақ қауіпті және/немесе тасымалдауға тыйым салынған заттарды айқындайды және сәйкестендіреді;
3) рентген жабдықтарының суреттерін түсіндіру бойынша емтихан нәтижелері емтихан ведомосына енгізіледі, оған комиссия мүшелері қол қояды.
Егер үміткер рентген жабдықтарының бейнесін түсіндіру бойынша емтихан кезеңінде қол жүгінде, багажда, жүкте және поштада Тізбеде көрсетілген қауіпті заттар мен нәрселер және/немесе олардың бөлшектерін анықтамаса (өткізіп жіберсе), емтихан қорытындылары жарамсыз деп саналады және емтиханды қайтадан тапсыру қажет.
Бейнені қате ұстап қалғаны, шешім қабылдау үшін рұқсат етілген уақыттан асырғаны, тыйым салынған затты дұрыс сипаттамағаны және тыйым салынған заттың орналасқан орнын дұрыс көрсетпегені үшін мынадай айыппұл түрлері қолданылады:
тыйым салынған заттың бар жоғы туралы қате белгі қойғаны үшін осы мәселеден 100% алынады;
шешім қабылдау үшін рұқсат етілген уақытты асырғаны үшін осы мәселеге уақытты асырғаны үшін әр секундқа 1% алынады;
тыйым салынған затты дұрыс сипаттамағаны үшін осы мәселеге 30% алынады;
тыйым салынған заттың орналасқан орнын дұрыс көрсетпегені үшін осы мәселеге 30% алынады.
39. АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеру жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторлары үшін практикалық емтихан:
1) практикалық емтиханды мамандардан құралған комиссия қабылдайды, оның біреуі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның өкілі болып табылады. Комиссияға мүше ретінде азаматтық авиацияның басқа ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарын енгізуге болады;
2) практикалық емтихан арнаулы оқу аудиторияларында немесе жете тексеру бақылау пункттерінде өткізіледі. Практикалық емтихан шеңберінде жете тексеру өткізудің стандартты пайдалану рәсімдерін қолдану дағдылары бағаланады;
3) практикалық емтихан нәтижелері қалай тапсырғаны/тапсырмағаны бойынша бағаланады, емтихан ведомосына енгізіледі, оған комиссия мүшелері қол қояды.
практикалық емтиханды өткізу кезінде, егер үміткер қол жүгінде, багажда, жүкте, поштада қауіпті заттар мен нәрселер және/немесе олардың Тізбеде көрсетілген компоненттерін таппаса (жіберіп алса), онда емтихан нәтижелері теріс болып есептеледі және емтихан қайта тапсырылуға жатады.";
білім алушылар санаты үшін модульдердің атауларында:
реттік нөмірі 3,4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3. | 3-модуль. Персонал, жолаушылар мен қол жүгін жете тексеру | АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеру жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторлары. |
4. | 4-модуль. Жүкті жете тексеру | АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеру жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторлары. |
5. | 5-модуль. (EDS) Жарылғыш заттарды табу бойынша жабдықтарды пайдалана отырып, жете тексеру | АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеру жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторлары. |
";
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
14. | 14-модуль. Пошта мен жүктерді жете тексеру | АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеру жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторлары. |
";
персоналдың әрбір санаттары үшін оқыту жоспарында:
№10 Кестеде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Персонал санаты: | АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің ауысым басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеру жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторлары. |
".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |