"Астана қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 65/7-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 18 тамызда № 1350-01 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 84/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      15 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. 45 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек:";

      59 тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Санаторий-курорттық емдеуден өту мерзімі күнтізбелік он төрт күнді құрайды.";

      72-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 4,5 АЕК;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады