"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 шілдедегі № 113-ө өкіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі қаулылардың:
1) "Нұр-Сұлтан қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-595 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 908 болып тіркелген);
2) "Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-595 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 107-902 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1312 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |