"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 шілдедегі № 113-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау туралы ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, жинақтап, айдың 5-і күнінен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 16 шілдедегі
№ 113 өкімімен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі


Р/с

 

Құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Орындау ға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға



1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №  1111 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ОМ

2022 жылғы шілде

аппарат басшысы

2.

"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҒЖБМ

2022 жылғы шілде

жетекшілік ететін вице-министр

3.

"Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҒЖБМ

2022 жылғы шілде

жетекшілік ететін вице-министр

4.

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ОМ

2022 жылғы шілде

жетекшілік ететін вице-министр

5.

"Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ҒЖБМ

2022 жылғы шілде

жетекшілік ететін вице-министр

6.

"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АҚДМ

2022 жылғы шілде

жетекшілік ететін вице-министр

7.

"Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, қолдап отыру, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

8.

Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төмен талаптарды бекіту туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

9.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізілімдеріне енгізу және олардан алып тастау негіздерін бекіту туралы

бұйрық

ҒЖБМ, ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министрлер

10.

Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

11.

Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

12.

Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

13.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін бекіту туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

14.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

15.

Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

16.

Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

17.

Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын бекіту туралы
 

бұйрық

Еңбекмині

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

18.

Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

19.

Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

20.

Шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

21.

Интернет-ресурсқа қолжетімділікті қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы

бұйрық

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

22.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

23.

"Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ҒЖБМ, ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице -министрлер

24.

"Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ҒЖБМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

25.

"Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

26.

"Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ҰЭМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

27.

"Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

28.

"Білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптарды және қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ҒЖБМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

29.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

Еңбекмині

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

30.

"Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ҒЖБМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

31.

"Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

32.

"Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

33.

"Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 60 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

бұйрық

АҚДМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

34.

"Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

35.

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 91 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

36.

"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ҒЖБМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

37.

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

38.

"Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 597 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

39.

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

Еңбекмині

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

40.

"Экстернат және сырттай оқу нысандарында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ҒЖБМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

41.

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ҒЖБМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

42.

"Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

43.

"Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

44.

"Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

45.

"Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

бұйрық

ОМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

46.

"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 351 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

бұйрық

ҒЖБМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

47.

"Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ - 133/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу

бұйрық

ДСМ

2022 жылғы тамыз

жетекшілік ететін вице-министр

48.

"Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы

ЖАО

2022 жылғы қыркүйек

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, Астана әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады