"Астана қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-595 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 107-902 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 наурызда № 1312 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 107-174 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 02.02.2023 № 107-174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 24-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Астана қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкiмдiгiнің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-595 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 908 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 2 маусымдағы № 58 (3263) "Астана ақшамы", № 58 (3281) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыда:
      қаулының тақырыбында, бүкіл мәтін бойынша және Астана қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасындағы (бұдан әрі – Қағида) "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Қағидада:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Психологиялық қызмет құрамына білім беру мекемелерінің басшысы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, мектеп инспекторлары, педагогтер және Білім беру ұйымының қамқоршылар кеңесінің өкілі кіреді.";
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Психологиялық қызметтің жұмысын "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) үйлестіреді.";
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Психологиялық қызмет ынтымақтастық туралы жасалған шарттар (келісімдер) негізінде педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен және психология кафедраларымен өзара әрекеттеседі.";
      18-тармақтың 3), 11), 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жалпы психология, педагогикалық психология және тәжірибелік психология, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, дефектология, психотерапия, психогигиена негіздері, кәсіптік тану, еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психологиялық алдын алу, әлеуметтік, тәжірибелік және жас ерекшелік психология саласындағы психологиялық ғылымның жаңаша жетістіктері туралы білімі бар;";
      "11) аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім дағдарыстық жағдайларға тап болатын балалар мен жасөспірімдерді анықтайды;
      12) тәуекелдер туындаған кезде психодиагностиканың нәтижелері бойынша ата-аналарға хабарлайды, консультативтік жұмыс жүргізеді және қажет болған жағдайда оларды мамандарға жібереді ("Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес)";
      19-тармақтың 1), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық (психологтардың қызметіне жетекшілік ететін әдістемелік бірлестігімен келісілген және мақұлданған психодиагностикалық әдістер) консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдауға;";
      4) Психологиялық қызметтің қызметіне жетекшілік ететін әдіскерлермен, денсаулық сақтау мамандарымен байланысты ұстауға;";
      22-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі және тізбесі (психологтардың қызметіне жетекшілік ететін әдістемелік бірлестікпен келісілген)".
      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім       А. Кульгинов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады