"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-4) тармақшасына, 62-бабының 4-4, 6-2-тармақтарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бюджет қаражаты көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге 2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 107-179 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Р/с | Қосымша білім беру бағыты | Қосымша білім беру түрлері | Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге айына шығыстардың орташа құны (теңге) | Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Ғылыми-техникалық бағыт | Роботехника | 27823 | 70 |
3Д - модельдеу | 27823 | 40 | ||
Компьютерлік графика | 15586 | 30 | ||
Радиотехника | 27823 | 30 | ||
Робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері | 33388 | 40 | ||
Бағдарламалау | 15586 | 30 | ||
Компьютерлік дизайн | 15586 | 40 | ||
Кинобейне жасау | 10820 | 20 | ||
Авто ісі негіздері | 33388 | 10 | ||
Сәулеттік модельдеу | 33388 | 20 | ||
2. | Туризм және өлкетану бағыты | Жорық | 11922 | 30 |
Жартасқа өрмелеу | 11922 | 30 | ||
Спорттық бағдарлау | 11922 | 20 | ||
Велоспорт туризмі | 11922 | 30 | ||
Шаңғы туризмі | 11922 | 30 | ||
3. | Экологиялық-биологиялық бағыт | Экология | 9107 | 30 |
Флористика | 9107 | 20 | ||
Аквапоника | 9107 | 30 | ||
Иппотерапия | 9107 | 35 | ||
Геология | 9107 | 20 | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
4. | Көркемдік-эстетикалық бағыт | Керамика, қыш бұйымдары ісі | 8445 | 35 |
модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін | 8445 | 35 | ||
Тоқыма тоқу | 8445 | 20 | ||
Макраме | 8445 | 20 | ||
Оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар) | 8445 | 20 | ||
Кілем тоқу | 8445 | 20 | ||
Зергерлік өнер | 8445 | 20 | ||
Ағаштан көркем кескіндеме | 8445 | 20 | ||
Металға көркемдік кескіндеме | 8445 | 20 | ||
Керамикаға көркем кескіндеме | 8445 | 30 | ||
Металды көркемдік өңдеу | 8445 | 20 | ||
Пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата | 8445 | 25 | ||
Томбурлы кестелеу | 8445 | 30 | ||
5. | Әлеуметтік-педагогикалық бағыт | Пікірсайыс қозғалысы | 8123 | 50 |
Еріктілер қозғалысы | 8445 | 50 | ||
Шешендік өнер | 8123 | 50 | ||
6. | Гуманитарлық бағыт | Шет тілдерін үйрену (ағылшын, қытай, араб, түрік, жапон) | 8123 | 150 |
7. | Жаратылыстану-математикалық бағыт | Математикалық курстар | 9107 | 144 |