Ақмола облысы Сандықтау ауданының кейбір елді мекендері мен Новоникольск ауылдық округін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № А-7/266 және Ақмола облысы мәслихатының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 8С-3-12 бірлескен қаулысы мен шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 шілдедегі № 8597-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы, "Ақмола облысы Сандықтау ауданының кейбір елді мекендер мен Новоникольск ауылдық округінің атауларын өзгерту туралы Ақмола облысының мәслихатына және облыстық әкімдігіне ұсынысты енгізу туралы" Сандықтау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № А-9/247 бірлескен қаулысы мен Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 23/3 шешімінің негізінде және Сандықтау ауданының Веселое, Мысок ауылдары және Новоникольск ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Сандықтау ауданының кейбір ауылдары:

      Веселов ауылдық округінің Веселое ауылы Байдалы ауылына;

      Новоникольск ауылдық округінің Мысок ауылы Маралды ауылына қайта аталсын.

      2. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Новоникольск ауылдық округі Ақсораң ауылдық округіне қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев
      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады