Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 6С-53/2-20 "Ерейментау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 8С-7/6-23 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 8613-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 8С-26/2-24 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 27.09.2024 № 8С-26/2-24 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 28 қазандағы № 6С-53/2-20 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8124 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығына сәйкес есептеледі.";

      6-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы М.Абжиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады