Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 "Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 56 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 қазанда № 8406 болып тіркелді

      Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4686 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      шешімнің тақырыбында "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидалары" деген сөздер - алып тасталсын;

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, 2-2-тармағына және "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Үлгілік қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";

      шешімнің 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

      Көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары алып тасталсын.

      Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында:

      3-тармақ келесі мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) ірі габаритті қалдықтар – мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;";

      3-тармақ келесі мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-1) мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;";

      3-тармақ 27) тармақшасы алып тасталсын;

      3-тармақ келесі мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

      "29) Жергілікті маңызы бар объектілер - әлеуметтік объектілерді құруға бағытталған мемлекеттік маңызы бар объектілер, оның ішінде: мектептер, мектепке дейінгі балалар мекемелері (балабақшалар), денсаулық сақтау объектілері, спорт мекемелері, демалыс үйлері, балаларға арналған жазғы лагерьлер, мұражайлар мен көрмелер, сарайлар мен мәдениет үйлері, санаторийлер мен профилакториялар, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының көпшілігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты басқа да объектілер.";

      4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Заңды және жеке тұлғалар, бау-бақша және гараж кооперативтері, пәтер иелері кооперативтері, жергілікті маңызы бар объектілердің иелері, кондоминиумдарға қатысушылар, басқарушы компаниялар өздерінің нысандарына тиесілі барлық аумақтарда, оның ішінде жеке үй иелелігіндегі аумақтарда тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су жолдары) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.".

      42 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "42. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:

      1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

      3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.";

      келесі мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:

      "42-1. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.

      Жеке және заңды тұлғалар құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізеді.";

      43 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "43. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жұмыскерлер контейнерлерден мамандандырылған көлікке түсіру кезінде төгілген қоқыстарды дереу жинайды.";

      келесі мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:

      "47-1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар күнтізбелік отыз күн ішінде бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларының жабындарын қозғайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды жүргізген адамдар бастапқы жабын материалынан бүлінген және (немесе) бұзылған жабынның бастапқы пайдалану сапасын қалпына келтіреді.";

      келесі мазмұндағы 51-1-тармақпен толықтырылсын:

      "51-1. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады