Ақтөбе облысының Хромтау ауданының Хромтау қаласы мен ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 350 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 89 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда № 8469 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Хромтау ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Хромтау ауданының Хромтау қаласының шекаралары оның шекарасына Хромтау ауданының Абай, Қызылсу ауылдық округтері мен Дөң ауылдық округінің шекараларынан 2 166 гектар жерді қосу арқылы өзгертілсін.

      Хромтау ауданының Хромтау қаласының шекарасынан Хромтау ауданының Дөң ауылдық округінің шекарасына 262 гектар жер берілсін.

      Хромтау ауданының Хромтау қаласының шекаралары жалпы ауданы 9 767 гектар болып белгіленсін.

      2. Хромтау ауданының Абай ауылдық округінің шекаралары оның шекарасынан 552 гектар жерді алып тастап, жалпы ауданы 99 023 гектар шекарасын белгілеу арқылы өзгертілсін.

      3. Хромтау ауданының Қызылсу ауылдық округінің шекаралары оның шекарасынан 1 503 гектар жерді алып тастап, жалпы ауданы 121 792 гектар шекарасын белгілеу арқылы өзгертілсін.

      4 Хромтау ауданының Дөң ауылдық округінің шекаралары оның шекарасынан 111 гектар жерді алып тастап, жалпы ауданы 57 860 гектар шекарасын белгілеу арқылы өзгертілсін.

      5. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Хромтау ауданының Хромтау қаласы мен ауылдық округтерінің шекараларында жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманы сәйкестендірсін.

      6. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      7. Осы Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады