"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және Мұғалжар ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалпы ауданы 13 980 гектар Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің Шеңгелши ауылы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімшілік және аумақтық бағынысына берілсін.
2. Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің жалпы ауданы 136 648 гектар;
Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің жалпы ауданы 269 607 гектар болып шекаралары белгіленсін.
3. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" және "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемелері Мұғалжар ауданының әкімдігімен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктерді күтіп-ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және әкімдіктің осы бірлескен қаулысынан және мәслихат шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Мұғалжар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманы келтірсін.
5. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
6. Осы Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Суентаева |