Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 17 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 мамырда № 8349 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ырғыз аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 5 наурыздағы № 137 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-170 болып тіркелген) шешімі;

      2) Ырғыз аудандық мәслихатының "Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 наурыздағы № 137 "Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"" 2022 жылғы 30 наурыздағы № 119 шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Турымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады