Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 96 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 8323 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Хромтау ауданының Хромтау қаласы мен Дөң ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифі 80 (сексен) теңге мөлшерде белгіленсін.

      2. "Хромтау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен осы қаулыны Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау ауданының әкімі А. Бекет
      "КЕЛІСІЛДІ"
Хромтау аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады