Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 411 бірлескен қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-54 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 желтоқсанда № 6052-05 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және "Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-53 бірлескен шешіміне және Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 410 қаулысына, Іле, Талғар ауданы әкімдіктерінің және мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысы Талғар ауданы бойынша:

      1) Іле ауданының шекарасына Қайнар ауылдық округінің Дәулет, Қайрат ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Қайнар, Нұра, Тұздыбастау ауылдық округтерінің жерлерін беру арқылы Талғар ауданының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 353274 гектар болып белгіленсін;

      2) Іле ауданының шекарасына Қайнар ауылдық округінің Дәулет, Қайрат ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Қайнар ауылдық округінің жерлерін беру арқылы Қайнар ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 11497 гектар болып белгіленсін;

      3) Іле ауданының шекарасына осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес жерлерді беру арқылы Нұра ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 10525 гектар болып белгіленсін;

      4) Іле ауданының шекарасына осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес жерлерді беру арқылы Тұздыбастау ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 2322 гектар болып белгіленсін.

      2. Алматы облысы Іле ауданы:

      1) Іле ауданының шекарасының құрамына Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің Дәулет, Қайрат ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Талғар ауданының Қайнар, Нұра, Тұздыбастау ауылдық округтерінің жерлерін қосу арқылы Іле ауданының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 802698 гектар болып белгіленсін;

      2) Ащыбұлақ ауылдық округінің шекарасына Жетіген ауылдық округінің 116900,29 гектар жерлерін қосу арқылы өзгертіп, шекаралардың жалпы көлемі 163447,387 гектар болып белгіленсін;

      3) Жетіген ауылдық округінің шекарасына Бәйсерке ауылдық округінің Қоянқұс, Ыңтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Бәйсерке ауылдық округінің жерлерін беру арқылы Байсерке ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 64079,972 гектар болып белгіленсін;

      4) Жетіген ауылдық округінің шекарасына осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес жерлерді беру арқылы Қараой ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 106936,87 гектар болып белгіленсін;

      5) Жетіген ауылдық округінің шекарасына осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес жерлерді беру арқылы Энергетический ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 2128,7829 гектар болып белгіленсін;

      6) Жетіген ауылдық округінің шекарасының құрамына Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің Дәулет, Қайрат ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Талғар ауданының Қайнар, Нұра, Тұздыбастау ауылдық округтерінің жерлерін, Іле ауданы Бәйсерке ауылдық округінің Қоянқұс, Ыңтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап ауылдарынан тұратын әкімшілік-аумақтық бірліктерді және осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Іле ауданының Бәйсерке, Қараой, Энергетический ауылдық округтерінің жерлерін қосу арқылы Жетіген ауылдық округінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 88000 гектар болып белгіленсін.

      3. Талғар ауданының Дәулет, Қайрат ауылдары, Қонаев қаласының Заречный ауылдық округі және Арна, Заречный ауылдары, Іле ауданының Қоянқұс, Ынтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап, Құйған, Жаңаарна, Еңбек ауылдары Іле ауданы Жетіген ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      4. Іле ауданының Жетіген ауылдық округі Іле ауданының Жетіген ауылы болып қайта құрылсын.

      5. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін әкім орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі М. Султангазиев
      Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Т. Байедилов

  Алматы облысының әкімдігі 2023 жылғы 24 қарашадағы № 411 мен Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-54 бірлескен шешіміне қосымша

Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылдық округінің шекарасына қосылатын жерлер бөлігінің экспликациясы

Р/с №

Ауданның атауы

Жалпы жер ауданы (гектар)

оның ішінде:

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (гектар)

елді мекендер жерлері (гектар)

өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер (гектар)

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (гектар)

орман қорының жерлері (гектар)

су қорының жерлері (гектар)

босалқы жерлер (гектар)

1

Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің жерлері

2717

1482

125,8

239



11

859,2

2

Талғар ауданы Нұра ауылдық
округінің жерлері

8619

6464


47



2

2106

3

Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округінің жерлері

717

360






357

4

Іле ауданы Байсерке ауылдық округінің жерлері

18133

13111

1167

1111



229

2515

5

Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің жерлері

167

110


24




33

6

Іле ауданы Қарой ауылдық округінің жерлері

12367

10801

153

183


37

21

1172


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады