Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы "Іле ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22-110 шешiмiне өзгерістер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 шілдедегі № 7-24 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 шілдеде № 6023-05 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қазандағы № 11-38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 04.10.2023 № 11-38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      Іле аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Іле аудандық мәслихатының "Іле ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 26 ақпандағы № 22-110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 119754 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:


      "6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек ақшалай төлемдер түрінде бір рет азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс Күні:

      мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткішке дейін және 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш;

      1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткішке дейін;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткішке дейін;

      мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабымен белгіленген, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткішке дейін;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға бір рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткішке дейін;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішке дейін;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткішке дейін;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткішке дейін;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткішке дейін;

      Чернобыль атом электр станциясында сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы апаттың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткішке дейін;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткішке дейін.".

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 7-тармағы 5-тармақшасымен толықтырылсын:


      "5) Санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек) заттай нысанда (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторлық-курорттық мекемелерге жолдама) немесе ақшалай түрде (Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделу үшін кеткен шығынды тиісті қаржы жылына бюджеттік есепті жасау барысында бекітілген жолдаманың құны мөлшерінде өтеу) мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      3) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тіл мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының төрағасы Р. Абилова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады