Ащыбұлақ ауылдық округінің "Ақжол Садовод" ТКБС-нің көшесіне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 26 мамырда № 6006-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ащыбұлақ ауылдық округінің "Ақжол Садовод" ТКБС-нің халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 24 қарашадағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Ақжол Садовод" ТКБС-нің келесі көшелері қайта аталсын:

      негізгі көше – "Әл-Фараби" көшесіне, "1 линия" көшесі – "Қожа Ахмет Йассауи" көшесіне, "2 линия" көшесі – "Абай" көшесіне, "3 линия" көшесі – "Үкілі Ыбырай" көшесіне, "4 линия" көшесі – "Жамбыл" көшесіне, "5 линия" көшесі – "Мұқағали Мақатаев" көшесіне, "6 линия" көшесі – "Ахмет Байтұрсынов" көшесіне, "7 линия" көшесі – "Наурызбай батыр" көшесіне, "8 линия" көшесі – "Райымбек батыр" көшесіне, "9 линия" көшесі – "Қабанбай батыр" көшесіне, "10 линия" көшесі – "Бөгенбай батыр" көшесіне, "11 линия" көшесі – "Дінмұхамед Қонаев" көшесіне, "12 линия" көшесі – "Мағжан Жұмабаев" көшесіне, "12 А линия" көшесі – "Шәкәрім" көшесіне, "13 линия" көшесі – "Мұхтар Әуезов" көшесіне, "14 линия" көшесі – "Сәбит Мұқанов" көшесіне, "15 линия" көшесі – "Ахмет Жұбанов" көшесіне, "16 линия" көшесі – "Бауыржан Момышұлы" көшесіне, "17 линия" көшесі – "Бейбарыс Сұлтан" көшесіне, "18 линия" көшесі – "Мәншүк Мәметова" көшесіне, "19 линия" көшесі – "Талғат Бигелдинов" көшесіне, "20 линия" көшесі – "Әлия Молдағұлова" көшесіне, "21 линия" көшесі – "Сәкен Сейфуллин" көшесіне, "22 линия" көшесі – "Балуан Шолақ" көшесіне, "23 линия" көшесі – "Роза Бағланова" көшесіне, "24 линия" көшесі – "Шоқан Уәлиханов" көшесіне, "25 линия" көшесі – "Бұқар жырау" көшесіне, "26 линия" көшесі – "Ұлытау" көшесіне, "27 линия" көшесі – "Іле" көшесіне, "28 линия" көшесі – "Алатау" көшесіне, "29 линия" көшесі – "Бурабай" көшесіне, "30 линия" көшесі – "Жетісу" көшесіне, "31 линия" көшесі – "Құрманғазы" көшесіне, "32 линия" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесіне, "33 линия" көшесі – "Қазыбек би" көшесіне, "34 линия" көшесі – "Әйтеке би" көшесіне, "35 линия" көшесі – "Төле би" көшесіне, "36 линия" көшесі – "Хан тәңірі" көшесіне, "37 линия" көшесі – "Шәмші Қалдаяқов" көшесіне, "38 линия" көшесі – "Ақан сері" көшесіне, "39 линия" көшесі – "Абылай хан" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Оналбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады