КазЦИК ауылдық округі КазЦИК ауылы көшелерін қайта атау туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, КазЦИК ауылдық округі КазЦИК ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысы ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде ШЕШТІ:
1. КазЦИК ауылдық округінің келесі көшелері:
"Гаражная" көшесі "Қаратал" көшесіне, "4-көше" "Ақсу" көшесіне, "5-көше" "Бәйтерек" көшесіне, "6-көше" "Құлагер" көшесіне, "7-көше" "Хан тәңірі" көшесіне, "8-көше" "Мәңгілік Ел" көшесіне, "9-көше" "Сарыарқа" көшесіне, "10-көше" "Талды" көшесіне, "11-көше" "Қайнар" көшесіне, "13 квартал" "Көктерек" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әкімнің жетекшілік ететін орынбасары А.Италмасоваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Жумабаев |