Междуреченск ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Междуреченск ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 01-38/118 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 14 сәуірде № 5979-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Междуреченск ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылы 24 қарашадағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Междуреченск ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Междуреченск ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Междуреченск ауылындағы "Новая" көшесін "Арай" көшесіне, "Молодежная" көшесін "Береке" көшесіне;

      2) Екпінді ауылындағы "Комсомольская" көшесін "Сарыарқа" көшесіне, "Ленин" көшесін "Нұрлы жол" көшесіне, "Калинин" көшесін "Жетісу" көшесіне, "Новая" көшесін "Медеу" көшесіне;

      3) Жауғашты ауылындағы "Тенистая" көшесін "Төле би" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Междуреченск ауылдық округінің әкімі С. Абдибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады