Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 29-7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қатені түзеу

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-5 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 желтоқсанда № 6065-05 болып тіркелді

      "Құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 29-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2734 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы К.Абильбековке жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы Б. Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады