Қарабұлақ ауылдық округінің елді мекендеріндегі кейбір көшелерге атаулар беру және қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Кеген ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 2 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 25 қаңтарда № 5964 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 30 наурыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қарабұлақ ауылдық округінің елді мекендерінде атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Ақай Нүсіпбеков ауылында:

      атауы жоқ көшесіне – "Қаныш Сәтбаев" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Абай" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Сәдуақас Серкебаев" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Жамбыл" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Серікбай Қанайұлы" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Әділхан Әлдібайұлы" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Нұрбай Бастаубаев" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Қанәділ Әбдікерімов" көшесі;

      2) Қарабұлақ ауылында:

      атауы жоқ көшесіне – "Шағаман батыр" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Қасенбай Бөлтірікұлы" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Қожахмет Алдиярбаев" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Мақай Жұмаділұлы" көшесі;

      атауы жоқ көшесіне – "Бақтыбек Үдіманов" көшесі.

      2. Қарабұлақ ауылдық округінің Ақай Нүсіпбеков ауылындағы келесі көшелері қайта аталсын:

      Студент көшесін – "Несіпбай Мәшкеев" көшесіне;

      Карл Маркс көшесін – "Сәрсембай Бейсембетұлы" көшесіне;

      Колхозшы көшесін – "Әубәкір Жүнісов" көшесіне;

      Көлбастау көшесін – "Рақым Құтелов" көшесіне;

      М.Әуезов көшесін – "Мұхтар Әуезов" көшесіне.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Е. Жексенбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады