Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабының 2-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 42 "Уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы Семей қаласы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктеріне қарай ең жоғары мөлшерлері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. "Абай облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімін Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін, Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуды.
3. Осы бірлескен Семей қаласы әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімі орындалуын бақылау жетекшілік ететін Семей қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен Семей қала әкімдігінің қаулысы мен Семей қаласы мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы әкімі | |
Н. Нурсагатов | |
Семей қаласы мәслихатының төрағасы | |
Д. Шакаримов |
"Абай облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" ММ 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1086 мен Абай облысы Семей қаласының мәслихаты 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 17/106-VIII бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша |
Абай облысы Семей қаласы бойынша уақытша жер пайдалану құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері
Р/с № | Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар | Оның ішінде | |||
егістік | оның ішінде суармалы жерлер | шабындық тар | жайылымдар | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | 2000 | 200 | 200 | 20 | 1580 |
Абай облысы Семей қаласы бойынша уақытша жер пайдалану құқығымен шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында және оның үлестес тұлғаларында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi
Р/с № | Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар | Оның ішінде | |||
егістік | оның ішінде суармалы жерлер | шабындық тар | жайылым дар | ||
1 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | 2500 | 280 | 200 | 20 | 2000 |