Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудан, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі №128 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде №3792 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Меркі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оны ресми жарияланғаннан кейін Меркі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Меркі ауданының әкімі | Ж. Баубеков |