Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №396 қаулысының қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4082 болып тіркелген) осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.
2. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мойынқұм ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Балкыбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл облысы әкімдігінің
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары
басқарма басшысының у.м.а
________________М.Саурықов
"_____" __________2023 жыл
2023 жылғы 14 ақпандағы № 49 қаулысына қосымша |
Мойынқұм ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Автомобиль жолдары | ||
Индекс | Атауы | Ұзақтығы (шақырым) | |
15. | КН-МО-15 | ״ Ақбақай-Мирный ״ 0-110 | 110 |
16. | КН-МО-16 | ״ Кіші Қамқалы-Ұланбел ״ 0-5,8 | 5,8 |
17. | КН-МО-17 | ״ Мойынқұм ауылына солтүстік-батыстан кіре-беріс ״ 0-3 | 3 |
Барлығы: | 161,2 |