"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудан, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 02 мамырдағы №159 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3820 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А. Балкыбеков |