"Т.Рысқұлов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №52-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қазандағы № 9-13 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 қазанда № 5095 болып тіркелді

      Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының "Т.Рысқұлов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №52-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4489 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Т.Рысқұлов ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін белгілеу қағидаларында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет қаралған бюджет қаражаты шегінде бюджеттің есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Е. Абуталипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады