"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы №74 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3799 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Талас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оны ресми жарияланғаннан кейін Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талас ауданы әкімі | Н. Жунисбеков |