Ұлытау облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 26 шілдедегі № 4/51 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 3 тамызда № 38-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38, 65 баптарына сәйкес, Ұлытау облыстық маслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлытау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

  Ұлытау облыстық
мәслихатының
2023 жылғы 26
шілдедегі
№ 4/51
шешіміне қосымша

Ұлытау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары

      1. Осы Ұлытау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38, 65 баптарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 тіркелген) бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Ұлытау облысында ортақ су пайдалану қағидаларын белгiлеу тәртiбiн анықтайды.

      2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.

      5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

      6. Ортақ су пайдалануға:

      1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;

      2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;

      3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;

      4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.

      7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

      8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсiм бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

      9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

      Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін бекітуді су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.

      11. Адам өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында:

      1) шомылуы жүзеге асырылмайды:

      ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде;

      шлюздерге, гидроэлектростанцияларға, ағынды суды жіберетін орындарға, малдардың тұрағына және суарылатын жерлерге және басқа да ластау көздеріне, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген ластау көздеріне кемінде 500 метр жақын ара қашықтықта;

      температурасы төмен жерасты сулары шығатын, су иірімдері мен шұңқыр жерлерде;

      судың ағысы секундына 0,5 метрден асатын жерлерде;

      саз балшықты учаскелерде;

      2) ортақ су пайдалану тәртібінде су объектілерінің ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшін суату алаңдары мен басқа да құрылғылары болмаған жағдайда ауыз сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймағында мал суаруға жол берілмейді;

      3) облыс аумағында орналасқан су объектілерінде, соның ішінде облысының әкімшілік шекараларындағы шағын көлемді кемелер мен басқа да суда жүретін заттардың қозғалуы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 тіркелген) бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      4) өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Ұлытау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлер осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      12. Ұлытау облысының жергілікті атқарушы органдары облыс аумағында орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.

      13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Ұлытау облысы мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.

      14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыс мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.

      14-1. Облыс маслихаты кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.

      15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.

      15-1. Су пайдаланушы облыстық маслихатынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілметіні және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:

      1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;

      2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;

      3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;

      4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.

      17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:

      1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;

      2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;

      3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;

      4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;

      5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;

      6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;

      7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.

  Ұлытау облысында
ортақ су пайдаланудың
қағидаларына
қосымша

Ұлытау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлер

№ р/с

Елді-мекен-дердегі саны

Су объектісінің атауы

Су объектісінің орналасқан жері (мекен-жайы, координаттары және басқалары)

Су объектілеріндегі орындар

Жалпы суды пайдалану шектеулері

Жезқазған қаласы

1

1

Бекболатсай шағын ауданындағы жинақтаушы тоғандар

Жезқазған қаласының аумағында орналасқан.
Координаттары: 47°48'22.3"N 67°39'59.4"E 47°48'25.4"N 67°39'56.1"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

2

2

"Костангельды" балкасы

Жезқазған қаласының аумағында, Бекболатсай шағын ауданы мен батыс айналма жолдың арасында орналасқан.
Координаттары:
47°48'13.1"N 67°41'21.9"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

3

3

Ескек есу базасының ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°48'30.3"N 67°41'31.1"E

Ұзындығы 750 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

4

4

"Мәңгілік алау" мемориалының ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°48'23.7"N 67°41'51.3"E

Ұзындығы 550 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

5

5

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°48'37.5"N 67°42'01.9"E

Ұзындығы 750 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

6

6

"Бизнес-Орталық" қонақ үйінің ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°48'46.9"N 67°42'31.7"E

Ұзындығы 800 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

7

7

"Байқоңыр" қонақ үйінің ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°48'36.7"N 67°42'57.1"E

Ұзындығы 2450 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

8

8

"Причал" кафесінің ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°48'09.5"N 67°43'24.9"E

Ұзындығы 500 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

9

9

Ғимарат ауданы (бұрынғы "Кросс" мәдени-ойын-сауық кешені)

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°47'56.2"N 67°43'17.2"E

Ұзындығы 400 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

10

10

"Жылумен жабдықтау кәсіпорны" акционерлік қоғамының гидроцехы ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°47'45.7"N 67°43'31.6"E

Ұзындығы 1300 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

11

11

"Kazakhmys Distribution" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі су торабының ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°47'32.0"N 67°43'55.3"E

Ұзындығы 3100 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

12

12

"Kazakhmys Energy" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технологиялық су төгетін ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°48'19.6"N 67°44'49.7"E

Ұзындығы 1000 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

13

13

"Автомобилист" тұтыну кооперативінің ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°48'43.0"N 67°45'26.4"E

Ұзындығы 3300 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

14

14

"Здравница" бау-бақша қоғамының ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°49'51.8"N 67°45'20.9"E

Бұрынғы балық тәлімбағына дейінгі жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

15

15

"Спутник" тұтыну кооперативінің ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°57'34.1"N 67°45'06.9"E

1 көтергіш шаруашылық су тарту сорғы станциясының ауданына дейінгі жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

16

16

Бұрынғы балық тәлімбағының ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°57'39.1"N 67°45'39.7"E

Ұзындығы 2500 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

17

17

Бұрынғы пионер лагерінің ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°49'39.5"N 67°42'24.4"E

Жеке жағажайға дейінгі жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

18

18

1 көтеру шаруашылық ауыз су жинайтын сорғы станциясының ауданы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°49'21.4"N 67°44'32.2"E

Ұзындығы 1600 метр жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

19

19

Жезқазған қаласының қарама қарсы жағалау белдеуі

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°48'56.0"N 67°44'53.5"E

Бұрынғы пионер лагерінің аймағына дейінгі жағалау белдеуі

Шомылу жүзеге асырылмайды

20

20

"Жезді" су қоймасы

Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасында орналасқан.
Координаттары:
47°35'42.1"N 67°39'53.3"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

21

21

"Карасу" су қоймасы

Жезқазған қаласының аумағында орналасқан.
Координаттары:
48°10'21.2"N 68°42'10.2"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

Сәтбаев қаласы

22

1

"Айнакөл" су қоймасы

Сәтбаев қаласының аумағында орналасқан.
Координаттары:
47°88'20.8"N 67°56'21.6"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

Жаңаарқа ауданы

23

1

"Ақтасты" су қоймасы

Ақтасты ауылының солтүстік батыс жағында орналасқан.
Координаттары:
48°52'31"N 71°34'20"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

24

2

"Бидайық" су қоймасы

Бидайық ауылының солтүстік шығыс жағында орналасқан.
Координаттары:
48°47'40"N 72°02'10"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

Ұлытау ауданы

25

1

"Марганец-1" бөгеті

Ұлытау ауданы Жезді ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
48°04'02.9"N 67°01'29.0"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

26

2

"Марганец-2" бөгеті

Ұлытау ауданы Жезді ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
48°05'14.6"N 66°58'35.1"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

27

3

"Сарықамыс" бөгеті

Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
47°54'06.4"N 69°05'12.5"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

28

4

"Біройнақ" бөгеті

Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
47°48'30.9"N 69°02'07.3"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

29

5

"Ащыкезең" бөгеті

Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
47°49'26.5"N 69°02'43.9"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

30

6

"Кәрі" бөгеті

Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
47°51'17.5"N 69°04'14.4"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

31

7

"Актас" бөгеті

Ұлытау ауданы Ақтас ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
48°03'58.3"N 66°22'19.7"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

32

8

"Пионер" бөгеті

Ұлытау ауданы Ақтас ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
47°52'33.7"N 66°22'16.3"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

33

9

"Ұлытау" бөгеті

Ұлытау ауданы Ұлытау ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
48°38'54.7"N 67°01'40.8"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

34

10

"Шолақ" бөгеті

Ұлытау ауданы Ұлытау ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
48°69'26.66"N 67°22'16.64"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

35

11

"Терісайрық" бөгеті

Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
49°10'45.7"N 67°22'51.8"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

36

12

"Құмшық" бөгеті

Ұлытау ауданы Жангелді ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
48°22'25.5"N 65°11'37.9"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

37

13

"Тасбала" бөгеті

Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
48°43'15.1"N 67°52'07.8"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

38

14

"Кеңембай" бөгеті

Ұлытау ауданы Амангелді ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
48°42'27.6"N 66°41'21.1"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды

39

15

"Қарсақбай" бөгеті

Ұлытау ауданы Қарсақбай ауылдық округінің аумағында орналасқан.
Координаттары:
47°50'28.6"N 66°43'31.5"E

Су қоймасының бүкіл акваториясы

Шомылу жүзеге асырылмайды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады