2023 жылға арналған Ұлытау облысының акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 43/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 тамызда № 39-20 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған Ұлытау облысының акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Әбдіғалиұлы

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

  Ұлытау облысы
әкімдігінің
2023 жылғы 10
тамыздағы
№ 43/01
Қаулысына қосымша

2023 жылға арналған Ұлытау облысының акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау көлемдері

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Сомасы, мың теңге

1.

Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:




1.1

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын отандық өндірістің балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

килограмм

75 000

7 875

1.2

Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

килограмм

10 000

2 850

1.3

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

килограмм

10 000

2 700

1.4

Шаянтәрізділерді өсіру кезінде пайдаланылатын балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

килограмм

12 500

2 850

2.

Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:




2.1

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ)

дана

90 000

1 350

2.2

Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ)

дана

4 000

1 000

2.3

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ)

дана

20 000

500

2.4

Шаянтәрізділер (шабақ)

дана

21 000

525

3.

Дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

килограмм

500 000

2 500

4.

Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары




4.1

Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары

дана

130

1 300

4.2

Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары

дана

60

1 800

4.3

Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін (албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандарын) сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарын өтеу субсидиялары

дана

60

900

5.

Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары

бірлік

14

3 850

Барлығы



30 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады